• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЗИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОО РЕКТОРЛАРЫ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ АЛЬЯНСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТЕР ФОРУМЫНДА ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Назарбаев Университетінде Азия университеттері альянсы (AUA) «Қарқынды өзгеріп жатқан Азиядағы жоғары білімді қалыптастыру: құру, интеграция және инновациялар» атты Президенттер форумы өтті. Форумға Альянсқа мүше 15 елдің, соның ішінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші университеттерінің басшылары қатысты.

Форумның ашылу салтанатында қатысушыларды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – Назарбаев Университеті Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлихан Смайылов құттықтады. Ол форумды жоғары білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға, ортақ көзқарасты дамытуға және Альянс аясында одан әрі жемісті өзара әрекеттесу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға тамаша алаң деп атады.

Жоғары білімнің міндеттеріне арналған панельдік сессияда сөз сөйлеген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттерді заманауи үдерістермен бірдей жылдамдықпен дамытудың маңыздылығын айтты. Мысал ретінде ол соңғы онжылдықтарда әлемнің әртүрлі бөліктерінде пайда болған «жеделдетілген университеттерді» келтірді. Бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында жомарт қаржыландыру мен инновациялық идеялардың арқасында қысқа мерзімде әсерлі нәтижелерге қол жеткізетін жас зерттеу университеттері.

«Менің ойымша, Азиядағы білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі «жеделдетілген университеттер» моделі болып табылады. Олар мемлекет тарапынан ресурстарды құю, таланттарды тарту арқылы дамиды, сондай-ақ Батыс немесе ежелгі, дәстүрлі университеттер ғасырлар бойы жүріп өткен жолды жеделдетеді. Назарбаев Университеті бүгінде өз жемісін беріп жатқан осындай жедел дамудың тамаша үлгісі болып табылады. Басқа мысал келтірсек, Кореяның UNIST университеті мен басқа да Азия университеттерін атауға болады. Азиядағы зерттеу университеттері зерттеулер мен сапалы оқытуды үйлестіре отырып, өте мықты бола алады», - деді Саясат Нұрбек.

AUA 2023 форум сессияларының соңында Альянс мүшелері серіктестікті нығайту, академиялық жетістіктер мен инновацияларды ілгерілету арқылы Азиядағы жоғары білім сапасын одан әрі жақсартуға келісті.

  • 15.05.2023
  • 188
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика