- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Fingramota.kz жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі бірегей жоба - Fingramota.kz сайтының жұмысы туралы еске салады.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысымен қабылданған Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 - 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасының шеңберінде іске асырылады.
Жобаның міндеті – әрбір оқырманға қаржылық өнімдер және оларды дұрыс қолдану туралы, сондай-ақ қаржы ұйымдары, қаржы нарығында жұмыс жасау және іс-қимыл қағидалары туралы қызықты әрі пайдалы ақпаратты қолжетімді тілде ұсыну.
Жоба шеңберінде Fingramota.kz медиа-порталы дамуда, онда азаматтар мынадай тақырыптарда бірнеше бөлім бойынша пайдалы ақпарат таба алады: бюджет, кредиттер, депозиттер, төлемдер мен аударымдар, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығы, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл. Мұнда қаржылық инклюзияның дамуы туралы ақпарат алып, кредиттік тарихты даулауға өтініш беруге болады.
Азаматтар портал арқылы, сондай-ақ жобаның бір бөлігі болып табылатын Fingramota Online мобильді қосымшасы арқылы да сұрақтар қойып, оларға жедел жауаптар ала алады.
Кәсіби консультациялар алу үшін Агенттік жанынан Call-орталық жұмыс істейді. Call-орталықтың нөмірлері: 1459 (кез келген мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін) және +7 (727) 237 1000. Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін).
Осылайша, Агенттік халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, оларды қаржылық өнімдер мен жалпы қаржы жүйесі туралы хабардар ету мәселелеріне айрықша назар аударады.
- 18.05.2023
- 158