• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҮКІМЕТ САҒАТЫНДА САЯСАТ НҰРБЕК ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілісте өткен Үкімет сағатында отандық ғылымның дамуы туралы баяндады.

Ғылым мен инновацияны дамыту – дамудың жаңа экономикалық бағытының негізгі басымдықтарының бірі. Саясат Нұрбек ғылымды қаржыландырудың артқанын хабарлады.

«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында берген тапсырмасына сәйкес ғылымды қаржыландыруды кезең кезеңімен ұлғайту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Ғылымды қаржыландыру соңғы үш жылда 3 есе артты. Сондай-ақ, ғылыми жобаларды коммерцияландыру қаржысы 4 есеге артты. Ағымдағы жылы базалық қаржыландыру 54 ғылыми ұйымға берілді», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары табысты іске асырылуда.

«Біріншіден, коммерцияландыруға арналған жобалар нәтижесінде инновациялық өнімдерді сатудан түскен табыс 22,6 млрд теңгені құрады. Екіншіден - бюджетке салық төлемдері түрінде – 5,7 млрд теңге. төленді. Үшіншіден - 465,5 млн.теңгеге өнім экспортталды. Төртіншіден - жеке қаржыландыру көлемі шамамен 6,8 млрд. теңгені құрап, 1400-ден астам жұмыс орны құрылды», - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, өз баяндамасында ведомство басшысы ғылыми әлеует мәселелеріне де тоқталды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүгінде елімізде 22 мың ғылыми кадр бар. Зерттеушілердің 37 пайызы (2022 жылы – 35%) ғылыми жәнне академиялық дәрежеге ие, одан ғылым докторы – 1 743, ғылым кандидаты – 3 945, философия докторы (PhD) – 2 460 және бейіні бойынша докторы - 96 құрайды.

«2022 жылдан бастап «Ғылым туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді іс жүзінде іске асыру басталды. Базалық қаржыландыруға жетекші ғалымдардың еңбегіне ақы төлеу енгізілді; ҰҒМ шешімдерін апелляциялау институты енгізілді; ғылыми тағылымдамадан өтудің нормативтік базасы бекітілді. Жүргізілген шаралар нәтижесінде ғалымдардың жалақысы 2 есеге ұлғайтылды. Сонымен қатар Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді», - деді министр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, ҚР Президентінің жарлығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Жас ғалымдарды қолдау күшейтілді. Жас ғалымдарды арналған гранттық қаржыландыру конкурстары нәтижесінде 881 жоба жүзеге асырылуда. Жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 қазақстандық ғалым тағылымдамадан өтіп жатыр.

  • 18.05.2023
  • 216
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика