• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН СИАНЬ ТЕМІРЖОЛ КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ІСТЕУДІ БАСТАЙДЫ

Әйгілі Политех Қытайдың ең үздік техникалық университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі дамытуда – университеттің делегациясы Сиань қаласындағы (Шэньси провинциясы, Қытай) Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтында болып, машина жасау, көлік және логистика салалары бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды.

Келісімге қол қою рәсімі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары қарсаңында өтті. Тараптар Қазақстан мен Қытайдың логистика саласындағы ынтымақтастығы аясында студенттермен алмасу, технологиялар трансферті, ғылым мен техника саласындағы ортақ жобалар және теміржол инженерлерін даярлау бағдарламасын іске қосу туралы келісім жасады. Келісімге қол қою кезінде Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев сөз сөйлеп, Қазақстан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жүк тасымалы сияқты жаһандық жобаны жүзеге асыруда негізгі серіктес болып табылатынын және осындай бастамалар үшін қажетті мамандарды бірлесіп даярлау – екі ел арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін маңызды екенін атап өтті.

Делегация мүшелері сапар бағдарламасы бойынша Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтын аралады. Қазақстандық делегация сонымен қатар Сиань халықаралық сауда-логистикалық паркінде болып, логистика саласындағы соңғы жетістіктермен танысты.

Ал темір жол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру – келешегі зор салалардың бірі, Сәтбаев Университеті осы сала бойынша былтырдан бері мамандар даярлап келеді.

Жаңа келісім бойынша қазақстандық студенттер «1+3» бағдарламасы бойынша Қытайға оқуға баруға мүмкіндік алады, бірінші оқу жылында олар қытай тілін үйренеді, ал келесі үш жыл бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандық алуға арналады.

Қытай тарапы мұндай студенттерге шәкіртақы беріп, қолдау көрсетеді. Бұл ретте Сәтбаев Университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты бір-бірінің оқу кредиттерін есептеп, студенттер мен оқытушыларды өзара алмастырып отырады. Оқу үдерісін жеңілдету үшін, Политехта Циньлин институтының базасы негізінде қытай тілі курстары ашылады.

Осы ынтымақтастық қарым-қатынас аясында болашақта Сәтбаев Университетінің базасында Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтының филиалы құрылады деп күтілуде. Онда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің көлік және коммуникациялар саласына қажетті кәсіби мамандар даярлау үшін инновациялық зертханалар ашылып, темір жол көлігі мен логистика саласы бойынша халықаралық жобалар жүргізілетін болады. Қытай тарапы үшін бұл ынтымақтастық қарым-қатынастың маңызы өте зор, өйткені бұл тарихи Жібек жолы бойындағы елдерді біріктіретін «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының бір бөлігі болып саналады.

Қытайдың жоғары оқу орындарымен студенттер алмасу – халықаралық деңгейде жұмыс істеуді жоспарлап отырған өрелі студенттер үшін тамаша мүмкіндік болмақ.

  • 18.05.2023
  • 267
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика