- Блогтар
- Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы
Агенттік төрағасы Филиппин Республикасының Ішкі істер және жергілікті басқару министрі және Шығыс Мемлекеттік басқарудың өңірлік ұйымының Бас хатшысымен кездесті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Астана Мемлекеттік қызмет хабының «Меритократия. Адалдық. Инновация» атты халықаралық конференциясына келген Филиппин Республикасының Ішкі істер және жергілікті басқару министрі Бенджамин Абалос және Шығыс Мемлекеттік басқару өңірлік ұйымының Бас хатшысы Алекс Бриллантеспен кездесті.
Дархан Жазыкбаев Агенттіктің мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытындағы жұмысы туралы айтып, елімізде мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениетіне көшу процесі басталғанын атап өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді дайындау және оқыту мәселелеріне назар аударылды. Агенттік төрағасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің мемлекеттік басқару модельдеріне, осы бағыттағы зерттеу қызметіне қызығушылық танытты.
Шетелдік қонақтар Агенттікті Филиппин Республикасының Жергілікті өзін-өзі басқару академиясының жыл сайынғы халықаралық конференциясына қазақстандық мемлекеттік қызмет тәжірибесімен таныстыру үшін шақырды.
Сонымен қатар, Алекс Бриллантес Шығыс Мемлекеттік басқарудың өңірлік ұйымының жыл сайынғы конференциясына шақырып, Агенттікті ұйымның мүшесі ретінде кіру мәселесін қарастыруды ұсынды.
Тараптар алда мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе және білім алмасуға дайын екендіктерін білдірді.
- 18.05.2023
- 164