- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы «AML ACADEMY «Қаржылық мониторинг академиясы» АҚ-ның Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өткізілді
Академияның қызметі келесі бағыттарды қамтиды:
- «жылыстатуға қарсы» жүйенің барлық қатысушылары үшін оқу-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- зерттеу жұмыстарын және түрлі халықаралық оқу іс-шараларын жүргізу;
- қаржы мониторингі бойынша мамандарды сертификаттау;
- «жылыстатуға қарсы» жүйенің ақпараттық мүмкіндіктерін дамыту.
Отырыс барысында Академияның қызметі мен дамуына, сондай-ақ атқарушы органды бекітуге байланысты мәселелер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен Академия ректоры лауазымына Ерғали Мерзадинов тағайындалды.
Ерғали Серікбайұлы 1958 жылы Шымкент облысында туған. Заң ғылымдарының кандидаты.
40 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті - СҚО, Алматы, Астана қалаларының, Қарағанды облысының прокуратурасын басқарды.
ҚР Ішкі істер вице-министрі, Бас прокурор орынбасары, Бас әскери прокурор қызметтерін атқарды.
2018-2022 жылдары - Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректоры.
- 25.05.2023
- 184