• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Елордада «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің алаңында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтың төрағалығымен Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің Басқарушы комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, басқа да орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері, жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары, Ernst & Young компаниясының, «Атамекен» ҰКП, жұмыс берушілер қауымдастығының өкілдері және басқалар қатысты.

Алтай Көлгінов сөзінде оқыту, кәсіби кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері қазіргі заманғы экономика мен адами капиталды дамыту үшін әрқашан өзекті екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта еңбек нарығында проблемалар бар. Біріншісі – қолда бар кадрлардың сапасыздығы. Екіншісі – жұмыс берушілер білікті кадрларды алуға мүдделі, бірақ өздері өндірістегі жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға асықпайды. Үшіншісі – білім беру ұйымының түлектерінің білім деңгейінің төмендігі.

Бұл проблемалар тұтастай алғанда ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді. Әлемдік тәжірибе жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру жүйесін қайта форматтау қажеттігін көрсетеді. Сондықтан бүгін біз «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің базасында Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі Басқарушы комитеттің көшпелі отырысын өткізудеміз. Осында біз кәсіби кадрларды даярлауға талаптарын қоюмен шектелмей, жұмыс беруші осы алаңның жұмысын ұйымдастыруға белсенді қатысуы арқылы әлеуметтік әріптестіктің жақсы деңгейін көрсеткенін байқауға болады», – деді Алтай Көлгінов.

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова ағымдағы жағдай мен негізгі проблемалар туралы, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту тәсілдері туралы айтып берді.

«Бүгінгі еңбек нарығы елеулі сын-тегеуріннің алдында тұр: жұмыс орындарын құру қарқыны төмендеуде, ал құрылған орындардың 46%-ы – мемлекеттің тікелей қолдауымен өнімділігі төмен секторларда. Бұл жағдайда формалды сектор жұмыскерлерінің жартысына жуығы төмен жалақы алады.

Сондай-ақ, еңбек нарығына жыл сайын 300-400 мыңға жуық жастардың қосылуы және қазіргі өңірлер арасындағы теңгерімсіздіктермен қатар демографиялық қысымды да ескеру қажет.

Сонымен бірге ЭЫДҰ халықаралық сарапшылары Қазақстандағы ересек жастағы тұрғындардың үздіксіз білім алуға қатысуының төмендігін, яғни ол тек 17%-ды құрағанын атап өтті, бұл ретте ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 47%-ға жетеді.

Нәтижесінде бұл жұмыссыздық пен кедейліктің ұлғаюуы, кадрлардың ұдайы кетуіне және адами капитал әлеуетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде әлеуметтік тұрақсыздыққа алып келеді», – деп атап өтті министр.

ЕХӘҚМ басшысы адами капиталды дамытуға байланысты проблемаларды шешу еңбек нарығы мен кадрлар даярлау жүйесінің өзара байланысын күшейтуге бағытталған ҰБЖ болатынын атап өтті.

«Мемлекеттің рөлі форсайт және болжам сияқты құралдар арқылы кадрларға деген қажеттілікті анықтау болып табылады. Жұмыс берушілер салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу арқылы мамандарға қандай біліктілік деңгейін, қандай білімі, дағдылары мен біліктіліктері қажет екенін белгілеуі керек.

Белгіленген талаптар мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, азаматтар кейіннен оқыту үшін мамандық таңдауды жүзеге асырады. Еңбек нарығына шыққан кезде маманға тәуелсіз бағалаудан өтуге және сол арқылы одан әрі жұмысқа орналасу үшін өз біліктілігін растауға мүмкіндік беріледі. Нәтижесінде біз ҰБЖ пайдалана отырып білікті мамандарды аламыз», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі құралдары туралы егжей тегжейлі айтып берді:

- форсайт-болжау ағымдағы және болашақ кезеңдерде сұранысқа ие мамандықтарды айқындайды;

- кәсіптер тізілімі сертификаттау жүргізілетін кәсіптер туралы ақпарат береді;

- кәсіптік стандарттар жұмыс берушілердің қызметкерлердің білімі мен дағдыларына қойылатын талаптарын анықтайды;

- білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде әзірленеді;

- тәуелсіз бағалау мамандардың білімдерін, дағдылары мен біліктіліктерін растауға мүмкіндік береді, бұған формалды емес және информалды білім арқылы алынған оқу нәтижелері де кіреді.

Министр Парламент Мәжілісінде «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы қаралуда екенін, оның қабылдануы ҰБЖ дамыту жөніндегі нормаларды заңнамалық тұрғыдан бекітуге мүмкіндік беретінін айтты.

«ҰБЖ-ның барлық «тізбегін» тұтас енгізу: жұмыс беруші қарапайым тұтынушыдан кадрларды даярлау жүйесінің басты тапсырыс берушісіне дейін; білім беру ұйымдарының оқу орталықтарынан құзырет орталықтарына; сертификаттау орталықтары біліктілікті, азаматтардың дағдыларын бағалау орталықтарына, сондай-ақ кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларына; мемлекеттің миссиялары процесті басқарудан бастап еңбек нарығы мен білім берудің жүйелі өзара іс-қимылының үйлестірушісіне дейін өзгеруін қамтитын трансформацияға әкеледі. Бұл реформа оқу бітіруші түлектердің білім нәтижелерін практикалық тәжірибеге «түрлендіруге» мүмкіндік береді», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде Саясат Нұрбек алдын ала оза оқыту және кәсіби кадрларға қажеттілікті болжаудың өңірлік карталарын дамыту перспективалары туралы, ал Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту туралы айтты.

Отырысты қорытындылай келе, Алтай Көлгінов депутаттардан «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасын қолдауларын сұрады; мемлекеттік органдарға кәсіптік стандарттарды уақтылы әзірлеуді және өзектендіруді қамтамасыз етуді; Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігіне жұмыс берушілерді тартумен, жаңа кәсіптік стандарттарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңартуды қамтамасыз етуді, білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіптік стандарттардың қолданылуына мониторинг жүргізіп, жаңартылған бағдарламалар бойынша оқытатын жоғары оқу орындары мен колледждер үшін жоғары мемлекеттік білім беру тапсырысының мүмкіндігін қарастыруды; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәсіптік біліктілік бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша белгіленген мәселелерді пысықтауды тапсырды.

  • 01.06.2023
  • 210
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика