- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің валюталық саясаты жөніндегі консультациялық кеңестің 24-ші отырысы туралы
2023 жылғы 29 - 31 мамыр аралығында Агенттік делегациясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің ақша-несие саясаты жөніндегі консультативтік кеңесінің 24-ші отырысына қатысты. Отырыс Беларусь Республикасы Минск қаласында өтті.
Іс-шараға Армения Республикасы Орталық Банкінің, Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің және Ресей Федерациясы Орталық Банкінің өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ағымдағы экономикалық ахуалын және олардың ақша-кредит саясатының іске асырылу барысын, рейтингтерді тану мәселелерін және одан әрі жұмыс істеу бағыттарын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар еуразиялық ықпалдасу процестері шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастықты нығайту туралы пікір алмасты.
Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңес – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің консультативтік-кеңесші органы, оның негізгі мақсаты валюталық саясатты үйлестіру, оның ішінде өзара есептеулерде ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейтуді қамтамасыз ету үшін бірыңғай тәсілдер мен бағыттарды әзірлеу болып табылады
- 06.06.2023
- 156