- Блогтар
- Элиманов Ж.Қ.
Элиманов Ж.Қ.
ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің төрағасы
ҚР Қаржы министрінің төрағалық етуімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық кеңес
2020 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Қаржы министрінің төрағалық етуімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық кеңестің отырысы өтті.
Отырысқа Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктері, Жоғарғы Сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сондай-ақ Сыртқы істер және Әділет министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары қатысты.
Кездесу барысында Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы ЕАТ 2022 жылға жоспарланған өзара бағалаудың екінші кезеңіне дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Сонымен қатар, қаржы мониторингі субъектілерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауына тиісті бақылауды қамтамасыз ететін проблемалық мәселелер айтылды. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ҚМК мәліметтер базасымен интеграциялау мәселелері де көтерілді.
Іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспары әзірленді, ол бекітілгеннен кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
- 12.12.2020
- 614