• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев «Coursera» компаниясының басшысы Джефф Маджонкальдамен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Астана халықаралық форумының қонағы, «Coursera» компаниясының басшысы Джефф Маджонкальдамен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оқыту мәселелері талқыланды. Дархан Жазықбаев мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Қазіргі заман мемлекеттік қызметшілерге үнемі білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру, жаңа дағдыларды игеру қажеттілігін талап етеді. Біз үшін онлайн-курстарды дайындаудағы, өзекті тақырыптарды таңдаудағы, олардың пайдаланушыларға қарапайым тәсілмен қолжетімділігін қамтамасыз етудегі «Coursera»-ның үлкен тәжірибесі қызықты», - деді Д.Жазықбаев.

Джефф Маджонкальда мырза «Coursera» мүмкіндіктері туралы айтып, оқытудың жаңа әдістерін енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ шетелдік қонақ мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша әртүрлі елдердің ведомстволарымен табысты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан қол үзбей оқыту мүмкіндіктерін кеңейту бойынша басқа елдердің тәжірибесіне қызығушылық білдірді.

Тараптар «Coursera» платформасындағы онлайн курстарды қазақ тіліне аударудың және осы бағыттағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына «Coursera» платформасында жекелеген онлайн-курстарға қолжетімділік беру туралы келісімге қол жеткізілді, бұл қазақстандық бірқатар мемлекеттік қызметшілерге  қашықтық режимінде өз біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында тараптар мемлекеттік қызметшілерді онлайн-оқыту саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.

  • 12.06.2023
  • 223
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика