• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Т. Дүйсенова медицина қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова еліміздің медицина қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«18 маусымда Медицина қызметкерлері күнін атап өтеміз, мен сіздердің әрқайсыларыңызды осы төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бұл айтулы күні жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз, мыңдаған адамның өміріне араша болған жанқиярлық еңбектеріңіз үшін алғыс айтуға жақсы бір себеп. Сіздердің мамандықтарыңыз халық игілігі жолындағы жоғары қызметтің жарқын көрінісі.

Ежелден бері дәрігер мамандығы құрметті және қастерлі, себебі әрбір азамат ақ халатты абзал жандарға әрқашан өзінің және жақындарының ең құнды байлығы – денсаулығын сеніп тапсырады. Мұқтаж адамдарға көмек көрсету, денсаулықты сақтау, өмірді құтқару, үміттерге сәуле сыйлау, яғни өзінің бар саналы ғұмырын мерейлі мамандыққа, медицинаға арнау – гуманизмді, үлкен жауапкершілікті, тіпті керек десеңіз ерлікті қажет ететін ерекше кәсіп.

Қазіргі заманғы медицина – бұл ғылымды талап ететін жоғары технологиялық сала. Осы ретте, аса күрделі заманауи техника дәрігерлерге түрлі сырқаттарды тиімді әрі тез емдеуге, науқастарды жылдам аяққа тұрғызуға көмектеседі. Мұның барлығы, әрине, медицина қызметкерлерінен кәсіби біліктілікті, өз мамандығына адалдықты, ерен еңбекті, үнемі жетілдіру мен ұдайы дамуды талап етеді. Бірақ ешқандай инновациялық технологиялар, дәрі-дәрмектер мен заманауи құрылғылар емделушіге медицина қызметкерлерінің шынайы жан жылуын алмастыра алмасы анық. Бұл сырқаттанған адамдарға аурумен күресуге көмектесетін адамгершілік, рухани жомарттық, шыдамдылық, шексіз мейірімділік, тыңдау қабілеті сияқты ең жақсы адами қасиеттер.

Қымбатты әріптестер, сіздерге қажымас қайрат, сарқылмас күш-қуат тілеймін, сонда ғана сіздер өздеріңіздің асыл миссияларыңызды жалғастырып, адамдарға денсаулық пен бақыт сыйлайсыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз әрқашан жоғары әрі лайықты бағаланып, әрдайым алғыс пен құрметке ие болуларыңызға тілекшімін. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!» – делінген Тамара Дүйсенованың үндеуінде.

  • 16.06.2023
  • 222
Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика