• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістанда Құрылтай өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи елорда мәртебесін беру бастамасын көтергені белгілі. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр.

Ел Президентінің Түркістан өңіріне, Түркістан қаласына деген ықыласы айрықша. Соның бір айғағы ретінде Ұлттық құрылтайдың екінші отырысының Түркістанда өтуін айтуға болады.

Түркі әлеміне қадірлі шаһардың облыс орталығына айналғанына биыл 5 жыл. Аз уақыт ішінде қала көркейіп, заманауи ғимараттар мен рухани-мәдени орталықтар арқылы жаңа кейіпке еніп отыр. Руханият ордасына айналған Түркістанда еліміз үшін маңызы зор саналатын Ұлттық құрылтайдың өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Келелі жиында маңызды мәселелер талқыланды. Олар шешімін табады деп сенеміз.

Бұдан бұрын да тарих беттеріне көз жүгіртсек, Түркістан өңірінде маңызды жиындар өткен. Ордабасыда үлкен құрылтай өтіп, күллі қазақ бір тудың астында біріккен. Сол құрылтайда тағдыршешті шешімдер қабылданған. Игі дәстүр жалғасып жатыр. Түркістан Қазақ хандығының астанасы кезде Күлтөбеде жиын өткізіп, ел тағдырын шешіп отырған. Бергі жылдары да бұл үрдіс жалғасын тауып жатты.

Түркістандағы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында өткен бұл басқосуда Алаштың айтулы тұлғалары мен белсенді азаматтары маңызды тақырыптарды ортаға салып, өзекті мәселелерді талқылады.

Ал екінші күнгі негізгі жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын ой-толғамдары мен ұсыныстарын ортаға салды. Өткен жылғы құрылтайда қабылданған шешімдер аясында елімізде конституциялық реформа жасалғанын, бұл өзгерістер мемлекеттігіміздің тұғырын бекіте түскенін, ұзақ мерзімге арналған демократиялық бағдарымызды айқындап бергенін атап өтті.

Президент Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес, оған бүкіл қоғам болып жұмылу керек екенін айтты. Ал түпкі мақсатқа жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер.

Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс екеніне назар аударып, осы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, Президент мемлекеттік нышандарды жетілдіру, ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту, мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеу, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне мән беру, ақпарат саясатының тиімділігін арттырып, креативті индустрияны дамыту, мемлекеттік саясатта талдау, сараптама жасау қызметін сапалы жүргізу, шекаралас аймақтарды дамыту, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде маңызды мәселелерді қозғап, тың бастамалар ұсынды.

Құрылтайда Түркістанның тарихтағы орны, Қожа Ахмет Ясауидің болмысы мен кесененің маңыздылығы да айтылды.

Қысқасы, Түркістан төрінде мемлекетті дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар беріліп, бастамалар көтерілді. Біз бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарамыз.

  • 19.06.2023
  • 179
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика