• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖ министрі Халықаралық волонтерлер форумына қатысты

2023 жылғы 21-22 маусым аралығында Астана қаласында Халықаралық волонтерлер форумы өтуде.

Бұл іс-шараның мақсаты - әлемнің түкпір-түкпірінен келген волонтерлер қауымдастығының өкілдерін біріктіру.

Форумға әлемнің 30-дан астам ел өкілдері, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен 400-ден астам делегат қатысуда.

«ТЖ кезіндегі волонтерлік» тақырыптық сессиясында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов баяндама жасады. Министр атап өткендей, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы қызметті жүзеге асыратын волонтерлік ұйымдар – бұл кәсіби құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге нақты көмек, ал жастар бірлестіктері туралы айтар болсақ – бұл болашақ құтқарушылардың резерві. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов өз сөзінде волонтерлерге Абай облысындағы орман өртін сөндірудегі баға жетпес еңбегі мен қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ ТЖ кезінде, Қостанай облысындағы табиғи өртті сөндіру, Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайды жою, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою кезіндегі іздестіру-құтқару жұмыстарындағы волонтерлердің маңызды рөлін атап өтті. Осы бірлескен жұмыстар азаматтық қорғау саласындағы волонтерлер қозғалысын дамыту қажеттігін көрсетті.

ТЖ министрі осы форум төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлікті дамытудағы қызметтің жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Форум аясында қатысушылар мен қонақтардың практикалық қолдану мүмкіндігімен авариялық-құтқару жабдықтары мен жарақтарын көрсету ұйымдастырылды, сондай-ақ іс-қимыл дағдыларын тәжірибелік пысықтау және ТЖ кезінде алғашқы көмектің қалай жасалатыны көрсетілді.

ТЖМ волонтерлерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларына даярлауға және оқытуға ерекше назар аударады.

Бүгінгі таңда ТЖМ 136-дан астам волонтерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, онда 47 мыңнан астам волонтер бар. «Қазақстан Республикасының Ұлттық волонтерлер желісі және Қызыл Жарты Ай Қоғамы» ЗТБ-мен ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 15-16 мамырда «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонының аумағында алғаш рет табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға ден қою саласында волонтерлердің республикалық форумы өткізілді, оған ел өңірлерінен 40 волонтерлік ұйымның үйлестірушілері қатысты, онда таулы жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері, ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, суда құтқару және т. б. жеткізілді.

 

  • 21.06.2023
  • 228
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика