- Блогтар
- Сапаров А.C.
Сапаров А.C.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
АШМ агросекторда исламдық қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастырады
Бүгін Астанада өткен семинарда ауыл шаруашылығын қолдаудың исламдық қаржы құралдарының мүмкіндіктері талқыланды. Кездесуді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS) ұйымдастырды. Қатысушылар сукукты салаға инвестициялауда қолдану мәселесін қарастырды.
Өз сөзінде ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, исламдық қаржылық қатынастарға қызығушылықтың артып келе жатқан қазіргі үрдісіне тоқталды, әрі ол тек мұсылман елдерінде ғана емес.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін осы перспективалы нарыққа шығу елдің ауыл шаруашылығы саласына қаржы ағындарын кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
АШМ басшысының пікірінше, Қазақстанда исламдық қаржы құралдарын зерделеу және тәжірибеде қолдану бойынша мүмкіндіктерді жандандыру қажет, олардың ішінде сукук капитал тарту мен инвестициялық қызметті қаржыландырудың аса маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Айта кетейік, таяу болашақта АӨК негізгі капиталына инвестициялар көлемінің өсуі 4 есе, яғни 3,2 трлн теңгеге дейін артуы мүмкін. Осы мақсаттарға қол жеткізуде отандық жеке сектордың әлеуетін ашу үшін тікелей шетелдік инвестициялар маңызды рөл атқарады.
АШМ өз тарапынан IOFS-тің барлық маңызды бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін қосып өтті министр.
- 23.06.2023
- 187