- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова мемлекеттік органдармен кәсіптік стандарттарды әзірлеу мен өзектендіруді талқылады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдардың кәсіптік стандарттарды өзектендіру және әзірлеу мәселелері бойынша Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту жөніндегі жобалық офисінің Басқарушы комитетінің отырысын өткізді.
Іс-шараға салалық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, «Атамекен» ҰКП, Жоғары білім беруді дамыту орталығы, «Талап» КЕАҚ және Жобалық офисінің өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан Тамара Дүйсенова халықаралық тәжірибеде ҰБЖ білім беру жүйесі дайындап жатқан жұмыс берушілердің кәсіби кадрларға қанағаттануының кепілі болып табылатынын, сондықтан оның дамуы еңбек нарығының маңызды элементі болып табылатынын атап өтті.
«Бүгін біз білім беру ұйымының түлегі туралы ғана емес, жалпы өмір бойы біліктілікті арттыру және оқыту туралы айтып отырмыз. Бұл адами капиталдың сапасын тұрақты және мақсатты түрде арттыру есебінен елдің экономикалық дамуына мүмкіндік беретін мансаптық өсу жүйесінің ашықтығы», – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.
Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев ҰБЖ базалық құралы ретінде кәсіптік стандарттарды өзектендіру және әзірлеу барысы туралы баяндады.
Ол биыл 2800 кәсіпті қамтуға мүмкіндік беретін 220 кәсіптік стандартты өзектендіру және 278 жаңасын әзірлеу жоспарланғанын еске салды.
«Кәсіптік стандарттардың жалпы санының жартысына жуығы өзектендірілді немесе әзірленді, оның 30-ы бекітілді, кейіннен мемлекеттік органдарда бекітілуі тиіс 223 стандарт «Атамекен» ҰКП-ның бекітілуінде немесе келісуінде тұр, – деп хабарлады вице-министр.
Жоғары оқу орындарының үлгісінде білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері бойынша Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев баяндама жасады.
Отырысты қорытындылай келе, Тамара Дүйсенова бірқатар мемлекеттік органдар кәсіптік стандарттарды қайта қарауды және әзірлеуді жеткіліксіз дәрежеде жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Бірқатар проблемалық мәселелер бар. Біріншіден, бұл мемлекеттік органдардың әзірлеуге деген қызығушылығының төмендігі атқарылған жұмыстың жеткіліксіздігіне байланысты мерзімдердің бұзылу қаупі бар. Екіншіден, стейкхолдерлермен өзара іс-қимылдың толықтығы жоқ – жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларын өзектендіру және әзірлеу процесіне тартылуы әлсіз болып қалуда», – деді ол.
Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдардың қолданыстағы және жаңа кәсіптік стандарттарды өзектендіру қарқынын арттыру, сондай-ақ кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысына жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының салалар бойынша өкілдерін тарту жөніндегі жұмысты жүргізу қажеттігіне назар аударды.
Ол сондай-ақ бұл жұмысты ерекше бақылауға алуды және белгіленген мерзімде кәсіптік стандарттардың бекітілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
- 27.06.2023
- 132