• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Е. Қарашөкеев: Жер мәселесін шешуде мәслихат депутаттарының қолдауы маңызды

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев AMANAT партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының I республикалық форумында ауылдық аумақтарды дамыту туралы айтып берді.  

АШМ басшысы ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы аясында осы жылдан бастап ҚР Президентінің бастамасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс басталғанын атап өтті. 7 жыл ішінде жобаға 1 трлн теңге, оның ішінде биыл 100 млрд теңге бағытталады. Бұл 17 мың шағын несие беруге және ауылда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Министр қазақстандықтардың 47,2 млрд теңгеге 8 293 өтінім бергенін, оның ішінде 14,3 млрд теңгеге 2 235 өтінім мақұлданғанын атап өтті.

Биыл өңірлерде микронесиеден бөлек, ӘКК арқылы ірі инвестициялық агрожобаларды іске асыру бойынша СҚО-ның табысты тәжірибесі таратыла басталды. Қарыз жеңіл шарттармен беріледі. Биыл бөлінген 100 млрд теңге шамамен 65 сүт-тауар фермасын салуға жұмсалады. Бұл бір жағынан ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан - импортқа тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді.

Ербол Қарашөкеев өз сөзінде ауыл тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелердің бірі - жер мәселесіне тоқталды. Ең алдымен, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жайылымдарының тапшылығына қатысты. Президенттің тапсырмасымен былтырдан бастап игерілмеген және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмысы басталды. 2022 жылы 5,2 млн гектардан астам жер қайтарылды. Биыл кем дегенде 5 млн гектарды қайтару жоспарланып отыр.

Министр тұрғындарға босалқы жерлерден жер телімдерін беру қажеттігін атап өтті. Алайда, мұндай жер учаскелері жайылымға қажетті жағдайы жоқ шалғай жерлерде орналасқан. АШМ басшысы жайылымдарды суландырып, тиісті инфрақұрылым құра отырып, ол жерлерді ЖҚШ кооперативтеріне беру дұрыс шешім болатынын айтты.

Сонымен қатар, министрдің пікірінше, жайылым айналымы ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл жерде жауапкершіліктің үлкен үлесі қоғамдық пайдалануға берген жайылымдық жерлер басқаратын жергілікті әкімдерге тиесілі, деп атап өтті АШМ басшысы.

«Жергілікті атқарушы органдар мен олардың өңірлік ӘКК-нің жайылымдарды түбегейлі және үістіртін жақсарту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдық пайдалануға берілген жайылымдардың өнімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдау қажет», - деп қорытындылады Ербол Қарашөкеев. 

Сондай-ақ ол жер мәселелерін шешуде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қызығушылығы мен қолдауы маңызды екенін атап өтті.

Министр халық қалаулыларына арнаған сөзінде министрлік AMANAT партиясының «Халықпен Бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы іс-шараларды сапалы орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. Тұжырымдаманың әрбір бастамасына АШМ-де жауапты вице-министрлер мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары бекітіліп, бағдарламаның орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

  • 01.07.2023
  • 225
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика