- Блогтар
- Сапаров А.C.
Сапаров А.C.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
Ербол Қарашөкеев «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың онлайн қабылдауын өткізді
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев AMANAT партиясының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды онлайн қабылдады.
Шаруалардың өтініштері жайылымдық жерлерді бөлу, жемшөп өндірісін ұйымдастыру және АӨК-тің түрлі салаларына субсидияларды алу мәселесіне қатысты болды.
Өтініш берушілердің бірі Жамбыл облысында жеміс-көкөніс бизнесін дамытуды көздейді. Министр оған мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы айтып берді. Атап айтқанда, көкөністерді өндіру кезінде тұқым, тыңайтқыш сатып алуға субсидиялау бөлінеді, сондай-ақ суармалы суға жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі өтеледі. Инвестициялық субсидиялар шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығындардың 25% және тамшылатып суару жүйелерін құру және кеңейту кезінде 50% өтеу көзделгенін еске салды.
Бұдан бөлек, жылыжай шаруашылықтарының маусымаралық кезеңде электр энергиясы мен газға жұмсайтын шығыстарын субсидиялауды енгізу жоспарланып отыр, деді АШМ басшысы.
Ербол Қарашөкеев қабылдауда көтерілген барлық сұрақтар бойынша жауапты вице-министрлер мен комитет басшыларына тапсырма берді.
- 01.07.2023
- 129