- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2023 жылғы 3 шілде
Мазмұны:
- Швейцария Федералдық Сыртқы істер департаменті басшысының Қазақстанға ресми сапары туралы;
- Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің «Синтетикалық есірткіге қарсы жаһандық коалиция» министрлік кездесуіне қатысуы туралы;
- Қосылмау қозғалысының министрлік кездесуіне қазақстандық делегацияның қатысуы туралы;
- Қазақстан мен Эфиопияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар туралы;
- Дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдарға арналған ОАӨАҮО тақырыбы бойынша брифинг туралы;
- Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің алдағы отырысы туралы.
- Швейцария Федералдық Сыртқы істер департаменті басшысының Қазақстанға ресми сапары туралы
2023 жылғы 3-5 шілдеде Швейцария Федералдық кеңесшісі, Сыртқы істер федералдық департаментінің басшысы Иньяцио Кассис Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Сапар барысында Министр И. Кассис ел басшылығымен және Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты кездесулер өткізеді.
Кездесулерде тараптар Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасатын болады.
- Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің «Синтетикалық есірткіге қарсы жаһандық коалиция» министрлік кездесуіне қатысуы туралы
2023 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің шақыруымен 50-ден астам ел мен 5 халықаралық ұйымның қатысуымен онлайн форматта өтетін «Синтетикалық есірткіге қарсы жаһандық коалиция» 7-ші Министрлік кездесуіне қатысады.
Іс-шара синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына, өндірісіне және қолданылуына қарсы күресте халықаралық қоғамдастықтың тәжірибесімен алмасуға бағытталған.
- Қазақстандық делегацияның Қосылмау қозғалысының министрлік кездесуіне қатысуы туралы
2023 жылғы 5-6 шілде аралығында Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қосылмау қозғалысының министрлік кездесуіне қатысады.
Іс-шара Әзербайжан Республикасының төрағалығы шеңберінде Баку қаласында өтеді және заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес тақырыбына арналады.
Қазақстандық делегация басшысының жалпы пікірталас шеңберінде сөз сөйлеуі, сондай-ақ шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі күтілуде.
1961 жылы құрылған Қосылмау қозғалысы бүгінде Азия, Африка, Латын Америкасы, Еуропа мен Океанияның 120 мемлекетін біріктіреді. 18 мемлекет, олардың арасында Қазақстан байқаушы мәртебесіне ие.
- Қазақстан мен Эфиопияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар туралы
2023 жылғы 3 шілдеде Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Эфиопия Сыртқы істер министрінің орынбасары Месгану Арганың төрағалығымен Қазақстан-Эфиопия саяси консультацияларының 2-ші раунды өтті.
Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты орнату және кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
- Дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдарға арналған ОАӨАҮО тақырыбы бойынша брифинг туралы
2023 жылғы 3 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар үшін Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының қызметі туралы брифинг өтті.
Іс-шараға Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров және Орталық директоры Атагелді Язлыев төрағалық етті.
Іс-шараның мақсаты - үйлестіру орталығы жұмысының нәтижелерін өңірлік және жаһандық деңгейде, сондай-ақ оның халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі мүмкіндіктерін таныстыру.
- Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің алдағы отырысы туралы
2023 жылғы 5 шілдеде Бейжіңде Қазақстанның сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев пен Қытайдың Коммерция вице-министрі, халықаралық сауда келіссөздеріндегі өкілдің орынбасары Лин Цзидің төрағалығымен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 12-ші отырысы өтеді.
Күн тәртібіне сауда, инвестициялар, көлік және өңіраралық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері кіреді.
- 03.07.2023
- 141