• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкімет үлкен жобаны жүзеге асыруда — С. Жұманғарин фермерлерге жеңілдікпен кредит беру туралы

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 2023 жылғы 1 шілдеде Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Саржансай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Бұл ауылда өз шаруашылығын құру үшін «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдікті несие алған кәсіпкерлер аз емес. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов вице-премьерді мамандандырылған жәрмеңкеде бағдарлама бойынша қолдау алған жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерімен таныстырды.

Тұрғындармен кездесу барысында Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу бойынша Үкіметтің жүргізіп жатқан жұмысы, Қазақстанда азық-түлік тауарларын өндіруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Сауда және интеграция министрінің айтуынша, бағаның өсуінің басты себебі-қант, сүт, құс еті, күнбағыс майы сияқты бірқатар әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің импортқа тәуелділігі және көкөніс қоймаларының жеткіліксіздігі.

«Үкімет қазір сүт — тауар фермаларын, құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын салу үшін фермерлерді төмен пайызбен жеңілдікпен несиелендірудің үлкен жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында биыл 65 сүт-тауар фермасын салуға 100 млрд теңге бөлінді, келесі жылы тағы 50 фермаға жоспарлануда», — деді С.Жұманғарин.

Сондай-ақ, Үлкен жоба аясында 2024 жылы суару, көкөніс қоймаларын, құс фабрикаларын салу бойынша жобалар жоспарланған. Осы шаралардың барлығы елдің негізгі азық-түлік өнімдеріне деген қажеттілігінің импортқа тәуелділігін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында вице-премьер Саржансай ауылының тұрғындарына суару суымен проблемаларды қалай шешу жоспарланғаны туралы айтып берді. Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанның су ресурстары мәселесін зерттеу және шешу жолдарын іздеу бойынша жұмыс тобы құрылған. Бірлескен жұмыс үшін Қытай мен Израильден сарапшылар шақырылады.

«Алдын ала бағалаулар бойынша бізде су жеткілікті, бірақ біз оны қалай сақтау керектігін білмейміз. Біз суды үнемдеу технологияларын әзірлеу және қолдану бойынша жұмыс жасаймыз», — деп атап өтті СИМбасшысы.

Кездесуге қатысушылар Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау, көкөніс қоймаларын салуға мемлекеттік қолдау көрсету, мал өсіруге арналған судың тапшылығы және басқа да көптеген мәселелерді көтерді. Мақсатсыз пайдаланылған жерлерді алып қою мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Мемлекет жерді қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылы меншікке 5,4 млн га қайтарылды, биыл тағы 5 млн га жоспарланған, оның ішінде 1,6 млн га қайтарылды», — деді вице-премьер.

Жеке қабылдауда азаматтар жоғары технологиялық медициналық техниканы ілгерілетуге және облысты абаттандыруға жәрдем көрсетуді сұрады. Серік Жұманғарин барлық мәселелерді мұқият тыңдап, оларды зерделеу үшін құзыретті мемлекеттік органдарға тапсыруды тапсырды. Тұрғындармен кездесу қорытындысы бойынша вице-премьер жергілікті БАҚ үшін брифинг өткізді.

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында СИМ басшысы өңірдің кәсіпорындарына да барды.

  • 04.07.2023
  • 189
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика