• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ДЕЙІН ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының жылу жүйелерін қысқы маусымға дайындау барысын пысықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтенов танысып шықты. Жалпы қала аумағында орналасқан жылу жүйесінде 17 сорғы станциясы және 23 қазандық бар. 
Бүгінде соның жетісі қысқы маусымға дайын. Қалған он сорғы станциясында дайындық жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қаладағы тозған жылу құбырларын жаңартуға да үлкен мән беріліп отыр Атап айтқанда, 2023 жылы 6 185 метр жылу құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. 

Мәселен алдыңғы кезекте қала бойынша «ОНС-2» сорғы станциясынан «ТК-4-ке» дейін, «ТК-4-тен» «ОНС-3» сорғы станциясына дейінгі магистралдық жылу жүйесіне қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл сорғы станциялары мен жылу жүйелері 1980 жылдары қолданысқа берілген. Сондықтан жылу құбырларын толық ауыстыру және сорғы станцияларына қайта құру кестеге сай кезеңімен іске асуда. Жоспар бойынша қайта құру биылғы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс. Құбырдың жалпы ұзындығы 4 057 метрді құрайды және жоба құны 1 938 миллион теңге, 
 
Түркістан көшесіндегі А.Байтұрсынов пен Түркістан көшелерінің қиылысындағы «ТК-24» пен «ТК-26» станциясы аралығындағы құбырларын ауыстыру жұмыстарының жалпы ұзындығы 667 метрді құрайды және жобаның құны 341 миллион теңге болып отыр.  Қазір жұмыстардың 40% орындалған, аяқталу мерзімі 2023 жылдың шілде айы деп күтілуде.

Сонымен қатар А.Байтұрсынов көшесіндегі «ТК-42» және  Ғ.Іляев көшесінде орналасқан «ТК-39» станциясына дейінгі жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарының жалпы ұзындығы 605 метр, сметалық құны 215 миллион теңге. Бүгінде жұмыстардың 60% орындалды. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың шілде айы деп бекітілген.
Ал Асқаров көшесі «ТК-23-тен» «ТК-3-ке» дейінгі жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары 45% орындалды. Құбырдың ұзындығы 856 метр болса, сметалық құны 156 миллион теңге, шілде айында бітуі тиіс. 
Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы барлық жұмыстарды кестеден кешікпей атқаруды тапсырды және сапа жағына жауапкершілікпен қарауды міндеттеді.

  • 04.07.2023
  • 191
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика