• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С.Жұманғарин Ақтөбе облысының ауылшаруашылық тауарөндрушілерімен кездесу өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына аралау барысында сүт өңдеу саласын дамытудың өзекті мәселелерін, отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдауды және диқандарды толғандыратын басқа да мәселелерді тыңдады.

Өндірістің тұйық циклін құру – шикізаттан қайта өңдеуге дейін кез келген өңірді дамытудың аграрлық бағытының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Вице-премьердің Ақтөбе өңіріндегі сапарының нысандары сүт, ет өңдеу кластерлерінің кәсіпорындары, көкөніс сақтау қоймалары болды. Атап айтқанда, қуаттылығы жылына 12 000 тонна болатын «Milker» ЖШС құрама жем зауыты 1 780 га суармалы жерлерде неміс және голланд селекциясының жоңышқасын өсіреді. Жоңышқа ұнынан жасалған жоғары ақуызды түйіршіктер еліміздің ішкі және сыртқы нарықтарына, шөп – қуаттылығы жылына 12500 тонна сүтті құрайтын «Айс» ЖШС сүт-тауар фермасының мал азығына сатылады. Ферма 2010 жылы мемлекеттік қолдаумен салынған, ал бүгінде облыстың сүт кластерінің базалық кәсіпорны болып табылады.  Бұдан әрі СТФ өнімдері Алматы, БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарының нарықтарына түсетін сүт өнімдерінің кең желісін өндіретін «Айс плюс» ЖШС зауытында қайта өңделеді.

Серік Жұманғарин өңірлерге іссапарлары барысында дәстүрлі түрде бизнес өкілдерімен кездесіп, олардың мәселелері мен саланың даму тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын тыңдайды. Ақтөбе өңірінің сүт өндірушілерінен келіп түсетін өтініштердің айтарлықтай үлкен көлемін ескере отырып, вице-премьер сүт өңдеу зауыты базасында басқа да сала кәсіпкерлерімен кездесті. Бірінші кезекте, өндірушілер сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, суару жобаларын салу және кеңейту үшін ірі шаруашылықтардың төмен пайызымен жеңілдікті кредиттеу – Үлкен жобаға қатысу үшін кепілді қамтамасыз ету мөлшерін өзіндік құнынан 20%-дан 10%-ға дейін төмендету мүмкіндігі мәселесін көтерді. Бұл сұрақты қарастыруға болады деп жауап алды, өйткені үлкен жоба бойынша инвестициялау ережелері әлі де әзірленуде.

Тағы бір мәселе – шағын бизнестің Үлкен жобаға қатысу мүмкіндігі. Серік Жұманғарин жауап ретінде бизнестің Жол картасы немесе ШОБ үшін басқа да мамандандырылған бағдарламалар аясындағы жобаларды қарауды ұсынды, өйткені Үлкен жоба елдің қажеттілігін жабу ауқымында өнім өндіруге мүмкіндігі бар ірі шаруашылықтарды қолдауға бағытталған.

Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы Басқарма төрағасының орынбасары Сағынғазы Құрманалин с. Жұманғаринмен кездесуде қазақстандық нарықты сапасыз импорттық өнімдерден қалай қорғауға болатындығы туралы сұрады. Оның айтуынша, қазір нарыққа көптеген арзан импортталған сүт, өсімдік майы келеді, олардың сапасы әрдайым мәлімделген стандарттарға сәйкес келмейді. Олар төмен бағамен аулаларда өздігінен сатылады. Өнімнің кейбір түрлеріне жүргізілген талдау бұзушылықтарды анықтады.

«Сауда министрлігінің алаңында өткен жылдың соңынан бастап ахуалдық штаб құрылды, басқа елдерден келетін тауарларды бақылау үшін сауда министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің өзара іс-қимылының бірыңғай алгоритмі әзірленді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша біздің бақылау органдары жедел шаралар қабылдауда. Егер сізде басқа өндірушілердің сүт өнімдерінің сапасыз құрамы туралы деректер болса, сіз тікелей сауда министрлігіне жүгіне аласыз», — жауап берді вице-премьер.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер Үлкен суару жобасына қатысу мүмкіндігі туралы қызығушылық танытты. Вице-премьер Үлкен жоба аясында суару және құс фабрикаларын салу жобаларын қаржыландыруды келесі жылы бастау жоспарланғанын айтты.

Сондай-ақ, облыста Серік Жұманғарин малдың барлық түрлерін сою, етін сақтау және өңдеу және ет консервілерін шығару бойынша толық өндірістік циклі бар «СПК Айбек» ЖШС ет комбинатында болды. Консервілеу цехы тәулігіне 4800 банка шығарады. Өнімдер Ақтөбе облысы мен РФ нарықтарына шығады.

  • 05.07.2023
  • 267
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика