- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Астанада Қазақстан мен Эфиопия сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың 2-ші раунды өтті
Астана, 2023 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Эфиопия Демократиялық Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Месгану Арганың төрағалығымен Қазақстан-Эфиопия саяси консультацияларының кезекті 2-ші раунды өтті.
Іс-шара барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сауда және инвестициялар, көлік және логистика, туризм, ауыл шаруашылығы, білім мен ғылым салаларындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар достық және өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Эфиопия қатынастарының оң динамикасы мен табысты дамуын жоғары бағалады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен тереңдету мақсатында екі ел арасында ресми сапарлар ұйымдастыру, шарт-құқықтық базаны кеңейту және сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
- 05.07.2023
- 169