- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Елорданың 25 жылдығы қарсаңында «Журналистер саябағы» ашылды.
Елорданың 25 жылдығы қарсаңында «Журналистер саябағы» ашылды. Бұл саябақ Егемен Қазақстан көшесінің бойында орналасқан. БАҚ қызметкерлерінің құрметіне тілшінің, оператордың, оқырманның мүсіні қойылды. Сондай-ақ көлеңкелі шатырлар, БАҚ-қа арналған арт-нысан және т.б. орнатылды.
БАҚ қызметкерлерінің арқалаған жүгі ауыр әрі күрделі. Олардың еңбегінің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтарына жедел және маңызды ақпарат жеткізіледі.
✔️Осыған дейін қаламызда ұстаздардың, медицина қызметкерлерінің, құтқарушылардың құрметіне гүлзарлар ашылған болатын. Биыл барлығы 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз.
- 05.07.2023
- 196