• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу бизнес-процесін автоматтандыруға қатысты

Агенттік заң шығару қызметі шеңберінде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына өзгерістер енгізді.

Өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуді және олардың шарттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді қамтитын іс-шаралар кешені болады. Өзгерістер 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.

Өзгерістер мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, инвестициялық пай қорларының қағидаларын тіркеу және тиісті мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету процестерін автоматтандыруды көздейді.

Осыған байланысты Агенттік «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-пен (бұдан әрі – БҚОД) бірлесіп, БҚОД веб-порталы арқылы мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылымдарын тіркеу бизнес-процесін автоматтандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылымдарын тіркеу бизнес-процесін автоматтандыру қағаз құжаттарды қолмен толтырумен және адамның өзінің бару қажеттілігімен байланысты дәстүрлі шектеулерді жойып, қажетті ақпарат пен нысандарға айтарлықтай жылдам әрі ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз ететін БҚОД-ның заманауи веб-порталын пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылымдарын тіркеу кезінде мемлекеттік органдардың дерекқорларынан алынған деректерді пайдалану ақпаратты бастапқы көзден автоматты түрде алу және тексерудің арқасында қателер мен дәлсіздіктердің болу ықтималдығын азайтады. Бұдан басқа, бұл процестің тиімділігін арттырады, себебі деректерді қолмен енгізу немесе қажетті ақпаратты түрлі көздерден іздеу қажеттілігі болмайды.

Веб-порталды пайдалану кезінде эмитенттер мынадай негізгі артықшылықтарды ала алады:

1)     төмендегілерді қоса алғанда уәкілетті органның мемлекеттік қызметтеріне қашықтан қол жеткізу:

-       акциялардың, облигациялардың шығарылымдарын, инвестициялық пай қорларының пайларын мемлекеттік тіркеу;

-       акцияларды, облигацияларды, инвестициялық пай қорларының пайларын шығару талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

-       акцияларды орналастыру, оларды айырбастау және бөлу қорытындылары туралы есептерді бекіту;

-       бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою.

2)     БҚ проспектісінің электрондық нысанын қалыптастыру, құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса беру опциясымен өтініштердің электрондық нысандарын автоматты түрде қалыптастыру және қалыптастырылған құжаттар топтамасын Жеке кабинетте шексіз мерзімде сақтау;

3)     эмитенттің берілген өтініштің мәртебесін қадағалауы, сондай-ақ өтінішті өз бастамасы бойынша кері қайтарып алу құқығы;

4)     бағалы қағаздар шығарылымының талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде 2023 жылғы 1 шілдеге дейін тіркелген бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін электрондық нысанға ауыстыру;

5)     мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін: бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, хабарламаларды, бас тартуларды және т.б. Жеке кабинетте тұрақты түрде сақтау;

6)     шығарылымды мемлекеттік тіркеу және шығарылым талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бағалы қағаздардың тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтерді БҚОД-ның есепке алу жүйесіне автоматты түрде енгізу;

7)     БҚОД-ның есепке алу жүйесінде және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде қамтылған бағалы қағаздар туралы мәліметтердің бірдей болуы.

Бағалы қағаздарды шығарумен, орналастырумен, айналысқа жіберумен, өтеумен және күшін жоюмен байланысты қызметтерді алу үшін бағалы қағаздар эмитенттері 01.07.2023ж. бастап БҚОД-ның http://cabinet.kacd.kz/issuer/services  порталы арқылы тиісті құжаттарды тапсыруы қажет.

  • 21.07.2023
  • 246
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика