- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Балалар лагерлерін тексеру туралы
Өздеріңіз білетіндей, Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайда балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, менің тапсырмам бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.
Балалардың өмір сүру жағдайларын, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен, медициналық көмекпен қамтамасыз етуді және басқа да мәселелерді қамту жоспарлануда.
- 26.07.2023
- 172