- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін импорттық сүт өнімдерін Қазақстан аумағына кіргізуге жол берілмейді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер сатып алған 13 түрлі импорттық өндірушілердің сүт өнімдерінің 19 атауының сынамасын санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижелері бойынша 5 кәсіпорын («Оңтүстік сүт зауыты» ЖШҚ, «Саратов сүт комбинаты» ЖШС, «А-7 Агро-Орынбор сүт комбинаты» ЖШС, «Энгельский сүт комбинаты» ЖШС және РФ «ВБД» ЖШС) өндірген сүт өнімдерінің май-қышқыл құрамы бойынша сәйкессіздіктерді анықтады.
Шекарада күшейтілген зертханалық бақылау жүргізу шеңберінде «Саратов сүт комбинаты» ЖШҚ (РФ) өндірген майлылығы 3,2% «Добрая буренка» ультрапастерленген сүтіндегі май-қышқыл құрамының сәйкессіздігі қайта анықталды. Осы кәсіпорынның өнімдерін Қазақстан аумағына әкелу уақытша шектелді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресей Федерациясынан жеткізілген сүт өнімдеріндегі сәйкессіздіктер анықталған жағдайлар туралы Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызметті (Россельхознадзор) хабардар етті.
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті сүт өнімдеріне сәйкестік туралы 42 декларацияның қолданысының күшін жойды. Жою себептері – май-қышқыл құрамы бойынша Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ аккредиттелмеген сынақ зертханаларында немесе ЕАЭО бірыңғай тізіліміне енгізілмеген зерттеулер жүргізу бөлігінде рәсімдерді бұза отырып сәйкестік декларацияларын тіркеу.
- 28.07.2023
- 136