• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Екінші апта қатарынан әлеуметтік өнімдер бағасы төмендеуде

Шілденің соңғы екі аптасында әлеуметтік маңызы бар өнімдерге -0,2% мөлшерінде дефляция тіркелді. Сенбі Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста аталған нәтиже мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды.

Тоғыз тауар бойынша баға төмендеген. Баға түсуінің ұзақтығы бойынша күнбағыс майы, қарақұмық, құс еті көш бастап тұр. Өткен аптада пияз, қант, сәбіз, картоп, ұн, тұздың баға индексі төмендеді.

Көптеген әлеуметтік өнім бағасының төмендеуіне қарамастан, олардың кейбірі, атап айтқанда, қырыққабат, жұмыртқа, күріш бағасының шамалы өсу үрдісі сақталған. Кеңес барысында осы мәселеге ерекше назар аударылды.

«Бүгінде азық-түлік корпорациясы 6 мың тонна күріш жармасын сатып алған. Өңірлер тек 5,7 мың тонна күрішке келісім-шарт жасады, оны 25 мың тоннаға дейін жеткізу тапсырылған болатын. Күріштің жеткілікті көлемде болуы ғана күріш бағасының өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік береді», — деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев.

Сонымен қатар ол айналым схемасы арқылы сатып алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен жұмыс жүріп жатқанын айттып. Өңірлерге тікелей өндіруші зауыттармен келісім-шарттар жасауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы бөлек қаралды. Жыл басынан бері комиссиялар 1 108 отырыс өткізіп, 360 өнімсіз делдал жойылды, 716 тізбек талданып, 122 факт бойынша сауда үстемесін асыру қаупі анықталды.

«Мысалы, маусым-шілде айларында ірі өндірушілер 5 мың сатып алушыға 27 млн-нан астам жұмыртқа өткізді, оның ішінде 1 500 жеке тұлғаға 1,5 млн-нан 2 млн-ға дейін жұмыртқа сатылды. Содан кейін тізбек үзіледі. ҚМ МКК-мен бірлесіп, заңсыз кәсіпкерлік үшін жеке тұлғаларды жауапқа тарту мәселесін қарастыру, сондай-ақ ӘМАТ-ты өткізу кезінде осы тұлғаларды электрондық шот-фактураларға сәйкестендіруді жүргізу қажет деп санаймыз», —деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі.

Сонымен қатар кеңес барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов баяндама жасады, ол 2024 жылғы маусымаралық кезеңге өңірлерде пияз және сәбіз бойынша ұсынылған көлем жиналғанын хабарлады. Әкімдіктермен бірлесіп, картоп, қырыққабат, қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн және қантқа форвардтық келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыс жалғасуда.

«Елдегі салыстырмалы түрде тұрақты жағдайға қарамастан, әкімдіктер әлеуметтік өнімдерді, ең алдымен, пияз бен қырыққабат бойынша келісім-шарт турасында белсенді жұмысты жалғастыруы қажет. 1 тамызға дейін күрішті жеткізуге және қажетті көлем бойынша алдын ала келісім-шартқа отыруға форвардтық келісім-шарттар жасасу қажет. Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдау, бизнес, өндірушілер, сауда желілерімен жұмыс жүргізу, Қаржы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, артық делдалдарды жою бойынша жұмыс істеу қажет», — деп қорытындылады Серік Жұманғарин.

  • 01.08.2023
  • 168
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика