- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
«2021 жылғы Ресей мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы: өсудің перспективалық нүктелері» ОНЛАЙН-конференциясы туралы ақпарат
2020 жылғы 14 желтоқсанда «2021 жылғы Ресей мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы: өсудің перспективалық нүктелері" ОНЛАЙН-конференциясы өтті.
Қатысушылар - екі елдің бизнес-қоғамдастығының, салалық қауымдастықтар мен сарапшылардың, қаржы институттары мен даму институттарының өкілдері.
Конференцияны ұйымдастырушылар - ҚР Сауда және интеграция министрлігі, "Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ қолдауымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі, "Деловая Россия" жалпыресейлік қоғамдық ұйымы.
ОНЛАЙН-конференцияның іскерлік бағдарламасы пленарлық отырыстан, 2 мастер-класстан, дөңгелек үстел мен В2В келіссөздерден тұрды.
Конференцияның модераторы "Деловая Россия" ЖШҚ Бас кеңесінің мүшесі, SOLOGY компаниялар тобының негізін қалаушы және басқарушы М.А. Доротов болды.
Қазақстан Республикасының РФ-дағы сауда өкілі Н.Борамбаев және "Деловая Россия" ЖШҚ Вице-президенті, атқарушы комитетінің басшысы Н.С.Каграманян қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста "Қорғас" ШЫХО, "Плюс Банк" ЖАҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ, Ритейл нарығы сарапшыларының ресейлік қауымдастығы, ЕАЭО Іскерлік кеңесі, "Рост-актив" ӨК, "Агрофуд" ЖШС, "SOLOGY"КТ өкілдері сөз сөйледі.
Конференция жұмысына 78 адам, мастер-кластар – 50-ге жуық, дөңгелек үстел – 26, В2В келіссөздерге қазақстандық және ресейлік компаниялардың 13 өкілі қатысты.
Конференция қатысушыларының пікірінше, іс-шараның мақсатына қол жеткізілді - екі елдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қызу диалогы өтті, атап айтқанда: компаниялар Қазақстан мен Ресей нарығындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, банк секторының өкілдері қаржылық қолдау құралдары туралы хабардар етті. Жеке блок сауда желілерімен жұмыс істеуге арналды. Проблемалық мәселелер, сондай-ақ Қазақстаннан Ресейге және керісінше азық-түлік жеткізу бойынша заңнамалық және практикалық аспектілер талқыланды.
Конференция аясында келесі:
- сауда желілерімен жұмыс бойынша;
-e-commerce дамыту бойынша мастер-кластар өтті.
ҚР Сауда өкілдігінің сауда желілерімен жұмыс бойынша мастер-класс өткізу үшін РФ-да бизнес-тренер, тәуелсіз консультант, Перекресток, Галамарт және Ашан сауда желілерінің санатты директоры А. Нямина шақырылды. Бизнес-тренердің федералды және аймақтық бөлшек сауда саласындағы жеткізушілерді сүйемелдеу, оқыту, кеңес беру тәжірибесі бар. Ресейдегі FMCG саласындағы алғашқы бизнес-акселератордың авторы.
Мастер-класс "Желіге дейін 10 қадам немесе сөреге тұру үшін не істеу керек" тақырыбына арналды, атап айтқанда:
- коммерциялық ұсынысты дайындаудағы негізгі қателіктер,
- желімен алғашқы байланысты қалай жасауға болады,
- талдаманың маңыздылығы неде,
- Байермен байланысқа шығу және жұмысты одан әрі құру,
- желімен жылдық келіссөздерге дайындық және т.б.
"E-commerce" дамыту туралы" мастер-класста спикерлер ретінде сөз сөйлегендер:
- шетелдік электрондық алаңдарға шығу бойынша презентациясымен "Ресей экспорт орталығы" АҚ электрондық коммерция бойынша аға сарапшысы Д.Горчакова.
Онлайн-сауда мүмкіндіктері, өнімдерді онлайн-арналар арқылы экспорттау үшін елдер қарастырылды. Онлайн-сауда арналары ұсынылған (интернет дүкендер, маркетплейстер, онлайн-көрмелер). Электрондық сауда тәсілдері (В2С сауда, В2В2С сауда, В2В сауда, В2В2В сауда), әлемдік маркетлейстер егжей-тегжейлі талданған.
Қатысушыларға тауарлардың дұрыс сатылуы, барлық қажетті өнім сертификаттарын алу, заңды қорғау үшін экспорт елінде сауда маркаларын тіркеу, сондай-ақ экспортталатын өнімді Қытайда сатумен ұсынуға болатын нақты нарықтар туралы ақпарат берілді.
- "Ассамика" ЖШҚ бас директоры П.Рудаков ресейлік электрондық алаңдармен жұмыс тәжірибесі туралы презентациямен (компания қазақстандық тауарларды өткізумен айналысады).
Спикер ресейлік электронды алаңдардың мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті (кең аудитория, жаңа тауашалар, тұтынушылардан тез арада кері байланыс алу, клиенттерге жеткізу, сату аналитикасы).
Сондай-ақ, қатысушылар марктплейс қоймаларына дейін тауарлар логистикасы кезінде туындайтын мәселелер, тауар бағасындағы логистика шығындарының пайызы және басқа да нюанстар туралы хабардар болды.
В2В жұмысында азық-түлік өнеркәсібі және АӨК мәселелері бойынша дөңгелек үстел (питч-сессия) келесі қазақстандық және ресейлік компаниялардың тұсаукесерлері өтті:
- "NOMAD Foods" ЖШС - снэк өндірушісі,
- "World Green Company" ЖШС - Ақтөбе облысының жылыжай шаруашылығы,
- "Урал" ОРО - Екатеринбург қаласында көтерме-тарату орталығының құрылысы,
- ЖК "Шарпинская О.в." - балық өнімдерін өндіру.
Экспорттық әлеуетті және ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағалау үшін сарапшылар ретінде:
- ЕАЭО Іскерлік кеңесінің ЕАЭО азық-түлік нарығы жөніндегі комитетінің жауапты хатшысы М. Кутателадзе,
- Eurasian food group (Фудсити) бас директоры А. Хортиев,
- "Рост актив" ӨК бағытының СТМ жетекшісі Л. Сурадейкина.
Қазақстандық кәсіпорындардың Ресей Федералдық сауда желілеріне шығуы бойынша жұмыстың ерекшеліктері мен қағидалары талқыланды.
В2В келіссөздерге Қазақстан тарапынан 8 ұйым қатысты: "Радуга" ЖШС, "ХимПарк Тараз" АЭА АҚ, "Қазақстан машина жасаушылар одағы" қауымдастығы, "KARLSKRONA LC AB" ЖШС, Мәскеу қаласындағы "Самұрық-Қазына" өкілдігі, "SMART BAZA" ЖШС, "Global beverages" ЖШС және "Nomad foods" ЖШС.
Ресей тарапынан 5 компания қатысты: "Лига" өндірістік компаниясы, "Белгород Гидромеханикалық зауыты" ЖШҚ, "ЭСГТ" ЖШҚ және "Рациональ" ЖШҚ, "Сибеко" ЖШҚ.
Барлық кәсіпорындар өз қызметінің саласы туралы айтып, өз өнімдерін таныстырды. Барлық бизнес құрылымдар арасында ынтымақтастық және күш-жігерді кооперациялау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, сондай-ақ одан әрі келіссөздерге мүдделілік білдірілді.
Ынтымақтастыққа "Белгород Гидромеханикалық зауыты" ЖШҚ және "ХимПарк Тараз" АЭА АҚ арасында айтарлықтай қызығушылық байқалды. Белгород Гидромеханикалық зауытының өкілдері "ХимПарк Тараз" АЭА-да өзінің өндірістік желісі мен сервистік орталығын ашу және оның резиденті болу мүмкіндігін егжей-тегжейлі зерделеп, қарастыру туралы шешім қабылдады.
"KARLSKRONA LC AB" ЖШС мен "Белгород Гидромеханикалық зауыты" ЖШҚ арасында тығыз өзара іс-қимыл және кооперация мәселесін пысықтау туралы келісімге қол жеткізілді. Екі компания да әр түрлі салаларға арналған электр, стандартты емес жабдықтар мен сорғылар өндірумен айналысады.
"Қазақстан машина жасаушылар одағы" қауымдастығы "Сибеко" ЖШҚ-мен Қазақстанға автокөлік жинаушыларды жеткізу жөніндегі ресейлік компанияның ұсынысын қарау, сондай-ақ Қазақстан тарапымен бірлескен өндірісті ашу мүмкіндігі жөніндегі мәселені пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сондай-ақ, "Қазақстан машина жасаушылар одағы" қауымдастығы өз қызметі шеңберінде өз мүшелерін кәсіпорындар арасында неғұрлым тығыз кооперация құру және одан әрі ынтымақтастық орнату үшін "Сибеко" ЖШҚ-мен келіссөздер туралы хабардар етеді.
Бұдан басқа, ҚР-ның РФ-дағы Сауда өкілдігі 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының 56-тармағымен ҚР-ның РФ-дағы Сауда өкілдігінің қызметі және Қазақстанның даму институттары тарапынан шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдау құралдары туралы буклет дайындады, ол қазақстандық және ресейлік тараптардан келген барлық қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберілді.
Барлық іс-шаралар достық және жағымды ахуалда өтті.
- 22.12.2020
- 362