• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сауда және интеграция министрлігіне бір жарым жыл: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жоқ

Тараптардың бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Сауда және интеграция министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Негізгі күн тәртібі Министрлік жетекшілік ететін салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталған.

Бейне-конференция байланысы бойынша іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелері, СИМ, оның ведомстволары мен ведомствоға бағынысты ұйымдары да қатысты.

Агенттік Төрағасының орынбасары Дмитрий Малахов Сауда және интеграция министрлігі құрылған сәттен бастап (2019 жылғы шілде айы) бірде-бір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталмағанын атап өтті.«Сонымен бірге босаңсудың қажеті жоқ. Министрлік жетекшілік ететін салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жоғары жасырындылық дәрежесі тән. Осыған байланысты, оң көрсеткіштің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірқатар алдын алу шараларын іске асыру қажет», - деп айтып өтті спикер.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің арасында тарифтік квоталарды, квотаішілік мөлшерлемелерді реттеу, тарифтік жеңілдіктер беру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу мәселелері көрсетіледі. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология жөніндегі заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау функциясын жүзеге асыру кезінде азаматтар, кәсіпкерлер және ведомство қызметкерлері арасында «тікелей байланысу» сақталады.

Министрліктің жауапты хатшысы Жәнібек Нөпіров бизнес-үдерістерді автоматтандыру мен оңтайландыруға назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті шағым беруді жеңілдету мақсатында, Telegram мессенджерінде чат-бот және топ құрды. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап сәйкестікті бағалау саласындағы электрондық аккредиттеу жүйесі іске қосылды.

Қазіргі уақытта бірқатар жобалар іске асырылуда. «Экспорттаушыларға арналған бірыңғай цифрлық терезе – export.gov.kz» пайдалануға ыңғайлы диджитал-платформаны құруға және экспортты ілгерілету саласында мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша бизнес-процестердің реинжинирингін жүргізуге мүмкіндік береді.

Тағы бір жоба – «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі цифрлық платформа». Ол тұтынушылардың өтініштерін орталықтандырып жинауды, өңдеуді және басқаруды қамтамасыз етеді.

Болашақта Ұлттық аккредиттеу орталығы «е-аккредиттеуге» көшуді жоспарлап отыр. Бұл өтінім беру, шарттар жасасу, сәйкестік сертификаттарын беретін кәсіпорындарға аккредиттеу аттестатын берудің цифрлық қолтаңба пайдалана отырып, тек электрондық түрде жүргізілетінін білдіреді.

Министрліктің қосалқы қызметтер мен ведомствоға бағынысты органдарды орталықтандыруды көздеп отырғандығы хабарланады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/138854?lang=kk

  • 22.12.2020
  • 384
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика