• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
ҚАЗАҚСТАНДА ТАУАР НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ КҮЙІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – БҚДА) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу Әдістемесін (бұдан әрі — Әдістеме) жетілдірді.

Әдістемедегі жаңа өзгерістер бәсекелестік деңгейін анықтау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау және бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу процесін оңтайландыруға арналған.

Әдістеменің жаңартылған редакциясының негізгі жаңалықтарының бірі — тауар нарығын талдауды жоспарлы және жоспардан тыс деп бөлу.

Жоспарлы талдау бәсекелестікті институционалдық дамыту құралы ретінде қолданылатын болады. Бұл тетік бірінші кезекте тауар нарықтарының жұмыс істеуінің жүйелі проблемаларын, оның ішінде бәсекелестік үшін заңнамалық шектеулер мен әкімшілік кедергілермен байланысты проблемаларды анықтауға бағдарланатын болады.

Жоспарлы талдау жүргізу кезінде нарықтық билікті бағалау үшін

нарықтық шоғырлану коэффициентіне (CR) және Герфиндаль – Гиршман нарықтық шоғырлану индексіне (HH) балама ретінде Лернер коэффициентін қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, жоспарлы талдау кезінде бағалау жүргізіледі:

- қарастырылып отырған тауар нарығында жаңа сатушылардың пайда болу жиілігі;

- қарастырылып отырған тауар нарығының өңіраралық және халықаралық сауда үшін ашықтығы;

- қарастырылып отырған тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілерінің техникалық даму деңгейі.

- қарастырылып отырған тауар нарығында үлесі 35 пайыздан асатын нарық субъектілері үшін пайда мөлшері мен капиталды тарту шығындарының арақатынасы.

- сатушылардың инновациялық қызметі және маркетингтік стратегиясы;

- бәсекелес нарық субъектілерінің өзара тәуелділік дәрежесі.

Сондай-ақ сауалнама және сараптамалық бағалау әдістерін қолдана отырып, әлеуетті сатушылардың құрамы айқындалатын болады. Өз кезегінде, тауар нарығына кіру кедергілерін еңсеру тауар нарығында жаңа субъектілердің пайда болу жиілігі тұрғысынан қарастырылатын болады.

Жоспарлы талдау жүргізу мерзімі 12 айдан 6 айға дейін қысқартылды.

Жоспардан тыс талдау жедел әрекет ету құралы ретінде қолданылатын болады. Бұл тетік бірінші кезекте бұзушылықтар белгілерін қарау, экономикалық шоғырлануды реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуының орындылығын бағалау кезінде нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтауға бағдарланатын болады.

Жоспардан тыс талдау жүргізу кезінде:

  • гипотетикалық монополистке тест жүргізу;
  • тауарлардың өзара алмастырылу өлшемдерін, географиялық шекараларды. тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау рәсімдері оңайлатылды;
  • жоспардан тыс талдау жүргізу үшін ақпарат жинау көздері нақтыланды.

Сондай-ақ, талдау жүргізу мерзімін оңтайландыру мақсатында соңғы үш жылдағы тиісті тауар нарықтарының алдыңғы талдауларының нәтижелерін тауарлардың өзара алмасуы мен тауар нарығының шекаралары өлшемшарттары бөлігінде пайдалану мүмкіндігі көзделген.

Талдау жүргізу мерзімі тауар нарығының шоғырлануына байланысты 12 айдан 3 айға дейін қысқартылды.

Сонымен қатар, талдау нәтижелерінің жариялылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, талдау қорытындылары бойынша қорытындыны БҚДА интернет-ресурсында міндетті түрде жариялау көзделген.

Бәсекелестік жағдайын талдаудың жаңа тәсілдері монополиялық позицияларды неғұрлым тиімді анықтауға және бизнес мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Әдістемемен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/184403/kaz 

  • 11.08.2023
  • 216
Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика