• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Сырым Шәріпханов Алматының сейсмикалық қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Сейсмология институтына барды.

Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев министрге жүргізіліп жатқан жұмыстар мен перспективалық жоспарлар туралы баяндады.

Сырым Шәріпханов баяндаманы тыңдап, жауапты бөлімшелерге Алматының сейсмикалық қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейту бойынша тапсырма берді.

Кеңеске Сейсмология институтының және «Сейсмикалық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Алматы қаласы 10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қаладан 80 км радиуста 200-ге дейін әлсіз жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып табылады. Қала аумағында 30-ға жуық тектоникалық ақаулар бар, олардың 60%-дан астамы қаланың таулы аймағында орналасқан.

Қазақстан Республикасы аумағының сейсмикалық қауіпсіздігі мақсатында бүгінгі күні 64 сейсмостанция жұмыс істейді.

Биыл Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және институт есебінен ерте хабарлау жүйесінің тағы 37 станциясын орнату жұмыстары аяқталуда.

Өткен жылы бақылау желілерін дамыту үшін халықаралық жобалар аясында 16 жаңа станция орнатылды.

Институт 2021-2023 жылдарға арналған «Облыстар мен қалалар аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін бағалау» бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарын егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру карталарын және Өскемен қаласының сейсмикалық микрозондтау карталарын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындайды. Сонымен қатар, Сейсмология институты 2024-2026 жылдарға арналған 4 бағдарламаны әзірледі: «Қазақстанның сейсмикалығы және сейсмикалық қауіпсіздігі», «Жер сілкіністерінің мониторингі және болжамы», «Жер сілкіністерінен болатын залалдың болжамы», «Қазіргі ғылыми-әдістемелік негізде Қазақстан облыстары мен қалаларының аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін бағалау».

Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасының Жер сілкінісі жөніндегі агенттікпен және геофизика институтымен бірлесіп Қытай тарапы есебінен 5 кешенді сейсмостанция орнату мәселесі пысықталуда. Бұл сейсмологиялық бақылау желілерін дамытуға мүмкіндік береді.

 

  • 11.08.2023
  • 224
Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика