• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
САЯСАТ НҰРБЕК АЛМАТЫДАҒЫ ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыға жұмыс сапары барысында оңтүстік астанадағы университеттерге қарасты жатақханалар мен студенттерге берілетін хостелдердің жаңа оқу жылына дайындық барысын тексеріп көрді.

Министрге университет басшылары студенттер үйлерінің жай-күйімен таныстырды.

Солардың бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қарасты 256 орындық №3 жатақхананысы. Бұл студенттер үйінің жалпы аумағы 1 071 шаршы метрді құрайды. Ғимараттағы жиһаздар мен еден төсініштері өткен жылы ауыстырылған. Жатақханада білім алушы жастар үшін оқу және демалыс орындары, ас бөлмесі, киім жуатын және жуынатын бөлмелер бар. Сонымен қатар ғимарат толық бейнекамералармен жабдықталған. Бүгінгі күні аталған оқу ордасында барлығы 2000 орындық 5 жатақхана оқу жылына дайын.

Сонымен қатар министр студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ететін ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Орталық қызметкерлері тәулік бойы демалыссыз студенттерді жатақханаға орналастыру және қолдау жұмыстарын атқарады.

💬«Қазіргі таңда жатақхана тапшылығын шешу мақсатында үш бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Біріншісі – құрылыс бағыты. Студенттер үйін салу үшін субсидиялық нормативтер өзгертілді. Қазір жеке меншік құрылыс компанияларымен белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз. Екінші бағыт – хостелдермен, қонақүйлермен арнайы келісімшартқа отыру. Бүгінде Алматы қаласында 60-қа жуық хостелмен келісімшартқа қол қойылды. Үшінші бағыт бойынша әр университетте ахуалдық орталық құрылып, белсенді жұмыс істеп жатыр», – деді министр.

Сонымен қатар С.Нұрбек университет басшыларына тамыздың 15-не дейін жатақханалардағы жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтап, хостелдардағы санитарлық талаптарды тексеруді және әр студенттің қауіпсіздігіне жіті назар аударуды тапсырды.

  • 14.08.2023
  • 225
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика