- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова азаматтарды қабылдады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 4 адамның мәселелерін қарады.
Қазақстандықтар еңбек заңнамасын сақтау, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, мүгедектік тобын белгілеу мәселелеріне жауап алу үшін министрге жүгінді.
Тамара Дүйсенова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына бойынша толық жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуде көмек көрсетуге тапсырды.
- 14.08.2023
- 119