• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
САЯСАТ НҰРБЕК СИНГАПУРДЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сингапурдағы Nanyang Technological University өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында Сингапур мен қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Министр Nanyang Technological University басшылығына Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту және нығайту мақсатында министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы айтып берді. Оның ішінде, Мемлекет басшысы айқындаған Министрліктің негізгі басымдықтарымен таныстырды.

💬«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Министрлік Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта елімізде жетекші әлемдік жоғары оқу орындарының бірнеше филиалдары ашылып, ынтымақтастық географиясын кеңейту үшін жағдайлар жасау қолға алынып жатыр», - деді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар, қонақтар «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы және «500 ғалым» бағдарламасымен танысты. Министрдің айтуынша, «500 ғалым» бағдарламасы аясында отандық ғалымдар шетелдік университеттер мен зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өте алады.

Өз кезегінде Сингапур университеті президентінің орынбасары және провосты, профессор Ling San Nanyang Technological University қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол қазақстандық әріптестерін қыркүйек айында өтетін онлайн-конференцияға қатысуға шақырды, шара барысында қазақстандықтардың осы жоо-ға түсу мүмкіндіктерін талқылауға болады.

Кездесу соңында тараптар қазақстандық жоғары оқу орындарының Nanyang Technological University-мен ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Министр Саясат Нұрбек қонақтарға сапары үшін алғыс айтып, жоғары білім мен ғылым саласындағы жемісті өзара серіктестікке үміт білдірді.

  • 15.08.2023
  • 208
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика