• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2023 жылғы 14 тамыз

Мазмұны:

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің Өзбекстанға ресми сапары туралы;
  2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Аргентина, Чили және Бразилияға сапары туралы;
  3. Еуропалық Парламенттің Сыртқы істер комитеті депутаттарының Қазақстанға сапары туралы;
  4. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бірінші отырысы туралы;
  5. АӨСШК аға лауазымды тұлғалары Комитетінің отырысы туралы;
  6. БҰҰ Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша Өңірлік орталығы басшысының Қазақстанға сапары туралы.

 

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің Өзбекстанға ресми сапары туралы

2023 жылғы 17 тамызда өзбек тарапының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасына ресми сапармен баруды жоспарлауда. Сапар барысында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен келіссөздер жүргізіледі.

Тараптар көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективаларын талқылау, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарау, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады деп жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылады деп күтілуде.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Аргентина, Чили және Бразилияға сапары туралы

2023 жылғы 21-24 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың Аргентина, Чили және Бразилияға сапары жоспарлануда.

Аргентинада Астана мен Буэнос-Айрес арасындағы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында сімаралық саяси консультациялардың төртінші раунды өтеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығын ашу, қоғамдық және саяси топтар өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Чилиде сімаралық саяси консультациялардың үшінші раундын өткізу жоспарлануда. Келіссөздер барысында Тынық мұхиты альянсы шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері, Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіру перспективалары, елдеріміз арасындағы визалық режим, сондай-ақ екіжақты сауда және инвестиция тарту мәселелері талқыланады.

Қайрат Омаровтың Бразилияға сапары барысында Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуетіне арналған жергілікті іскер топтар өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастыру және Сан-Паулуда Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ашылуы, сондай-ақ Бразилия Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының президенті Жильберто Порселло Петримен кездесу жоспарланған.

Аталған елдерге сапарлар нәтижесінде сауда-инвестициялық ынтымақтастықты құруға және халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимылды жандандыруға бағытталған жаңа келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде.

3. Еуропалық Парламенттің Сыртқы істер комитеті депутаттарының Қазақстанға сапары туралы

2023 жылғы 21-23 тамыз аралығында Еуропалық Парламенттің (ЕП) Сыртқы істер комитетінің (AFET) төрағасы Дэвид Макаллистер (Германия) бастаған депутаттар делегациясы Қазақстанға келеді.

Сапар аясында Еуропарламент делегациясының ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Каринмен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанмен, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаевпен, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің іске асырылу барысына қатысты пікір алмасады. Аталған құжат визалық режимді жеңілдетуді, Қазақстанды санкциялардың теріс әсерінен қорғауды, «Орта дәлізді» және көліктік өзара байланысты дамытуды, аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастықты, климаттың өзгеруін және «жасыл» энергетиканы қоса алғанда, өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды.

4. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бірінші отырысы туралы

2023 жылғы 21-24 тамызда Алматыда қазақстандық тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (ҰҮК) отырысы өтеді.

Отырыста ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері Мемлекет, Үкімет басшылары және Сыртқы істер министрлері кеңесі қабылдаған шешімдерін жүзеге асыру және жаңа шешімдерді дайындау, ШЫҰ-ны реформалау, ұйымды кеңейту, байқаушы мемлекеттермен, ШЫҰ-ның диалог жөніндегі әріптестерімен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды тереңдету мәселелері бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, тараптар ШЫҰ-ның келесі жылға арналған іс-шаралар жоспарын қарауды көздеп отыр.

5. АӨСШК аға лауазымды тұлғалары Комитетінің отырысы туралы

2023 жылғы 22 тамызда Астана қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) кезекті отырысы өтеді.

Азия Кеңесін толыққанды халықаралық ұйымға трансформациялау бойынша Жол картасының жобасын, тұрақты даму үшін волонтерлік қызметті ілгерілету және Азия Кеңесі сенім шараларын іске асыру әдістері туралы құжаттарын, сондай-ақ, БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтетін Кеңеске мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуін талқылау Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысы күн тәртібінің басты мәселелері болады.

АЛТК - Саммит және Министрлер Кеңесінің шешімдері мен келісімдерін жүзеге асыру, АӨСШК шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытудың негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын орган. Қазақстан 2022-2024 жылдары Азия Кеңесінің төрағасы.

6. БҰҰ Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша Өңірлік орталығы басшысының Қазақстанға сапары туралы

2023 жылғы 24-25 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Арнайы өкілі және БҰҰ Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша Өңірлік орталығының (ОАПДӨО) басшысы болып жаңадан тағайындалған Каха Имнадзенің Орталық Азия елдеріне турнесі шеңберінде Астанаға іс-сапары өтеді.

Сапар барысында мемлекет басшылығы, Парламент Мәжілісі, сыртқы істер мен экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты басшылығымен кездесулері жоспарланған. Олардың барысында Өңірлік орталықтың мандаты шеңберіндегі аймақтық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланатын болады.

  • 15.08.2023
  • 151
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика