• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шэньчжэньде алғашқы ірі қазақстан-қытай бизнес-форумы өтті

Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіптік орталығы Шэньчжэньдің 200-ден астам ірі кәсіпкерлері 2023 жылғы 14 тамызда өткен Қазақстан-Қытай бірінші бизнес-форумына қатысты. Қазақстан-Қытай саудаға жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін әлеуеті мол қытайлық инвесторларды жинады.

Форумның ашылуында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары –сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екі ел халықтары арасында қалыптасқан тығыс байланыстарын атап өтті.

«Екі ел өз мәдениетімен, экономикасымен бұрыннан келе жатқан достық және серіктестік қатынастармен өзара тығыз байланысты. Мемлекет  басшылары жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударады. Жақын арада визасыз режимді ашуды пысықтап жатырмыз. Бұл мәдени-гуманитарлық және экономикалық қатынастардың дамуын күшейтуге айтарлықтай серпін беретіні сөзсіз»

Вице-премьер Қазақстанға келетін инвестициялардың негізгі үш бағытын айқындады. Біріншісі - инфрақұрылымды, жүктеу-түсіру орталықтарын, қолданыстағы және жаңа бағыттарды ашуды, дамытуды қамтитын логистика бағыты. Осы бағыт ірі көлік операторлары үшін ерекше қызығушылық тудырады.

«Бүгінде шекара маңында сауда-экономикалық хабтар, логистикалық орталықтар желісі құрылуда, олар кеңейту әлеуетін арттыра отыра  ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің негізі болмақ. Қазақстанның әр облысында белгілі бір өңірдің ерекшелігі ескеріле отыра арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бар. Оларға салықтық преференциялар пулы ұсынылып, арнайы құқықтық режим қолданылады, - деп атап өтті Серік Жұманғарин. - Салықтар мен баждарды төлеуден босату түріндегі инвестициялық преференциялармен қоса, жақында инвесторларға бастапқы кезеңде жүктемені азайтуға бағытталған инвестициялық салық кредиті енгізілді. Яғни инвесторларға корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы аясында төлемдерді үш жылға дейінгі мерзімге 100%-ға төмендету мүмкіндігі беріледі»

Бүгінгі таңда Қытай шекарасында кедергісіз сауданы дамыту үшін «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА қалыптастыру толығымен аяқталды. АЭА инфрақұрылымына индустриялық және логистикалық аймақтармен қатар 2015 жылы елдің шығысында жүктерді шоғырландыру және тарату үшін іске қосылған құрғақ порт кіреді. 2014 жылы Ляньюньган портында қытайлық серіктестермен бірлескен логистикалық терминал құрылды, ол бүгінде Қазақстанға/Қазақстаннан жүк ағындарын шоғырландырудың негізгі пункті болып келеді. Қытаймен шекарадағы «Жетіген-Қорғас» теміржолымен және "Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің технологиялық байланысы және ірі көліктік-логистикалық операторларды тарту арқылы Құрғақ порты Еуразиялық трансконтиненталдық тасымалдарды дамытудың жаңа кезеңін ашты.

Инвестициялардың екінші бағыты - өнімді терең өңдеу.

«Біз қытайлық серіктестерді қайта өңдеудің барлық салаларына шақырамыз. Бірінші кезекте - табиғи ресурстарды өңдеуге. Сіздерде осы салада өңдеудің озық тәжірибесі жинақталған. Осы тәжіриебелеріңіз Қазақстанның мұнай және тау-кен өнеркәсібінде қолдану үшін өте пайдалы болары сөзсіз», - деп жалғастырды Қазақстан вице-премьері.

Үшінші бағыт - Қазақстанның ауыл шаруашылығы.

«Біз Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторына, оның ішінде органикалық өнім өндірісіне инвестиция салудың кең спектрін ұсына аламыз. Қазақстан жоғары сапалы органикалық өнімдерді өндірудің зор әлеуетіне ие. Соңғы 10 жылда еліміз ауыл шаруашылығы саласында үлкен экспорттық әлеуетті арттыра алды. Қазақстандық тауарлар Орталық Азия, ЕО және Таяу Шығыс елдерінде сатылуда. Бүгін Қытайдың бизнес капитандарымен дөңгелек үстелде біз 400 мың гектар жерге топырақты дамыту жөнінде ұсыныстар естідік. Мұндай ұсыныстарды біз қолдаймыз», — Серік Жұманғарин айтты.

Анықтама:

Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда 2022 жылы рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, $24,1 млрд-қа жетті, оның ішінде қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты үштен бірінен астамға өсіп, $13,2 млрд құрады. Импорт 33,5%-ға өсіп, $11,0 млрд құрады. Елдер арасындағы сауда-саттық 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 20,5%-ға артып, 13,6 млрд. АҚШ долларын құрады: оның ішінде 6,3 млрд. АҚШ доллары қазақстандық экспортқа тиесілі.

  • 16.08.2023
  • 148
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика