- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Технологияның арқасында қытайлық өндіруші дайын өнімнің өзіндік құнын бастапқы шикізат құнынан 1000 есе арттырады
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің ҚХР-ға жұмыс сапары 2023 жылғы 13 тамызда елдің ең ірі экономикалық және өнеркәсіптік орталығы Шэньчжэнь қаласынан басталды.
Мұнда Global Fortune 500 әлемдік рейтингіне кіретін 10 қытайлық компанияның кеңселері орналасқан. Шэньчжэньде болған күні Серік Жұманғарин осы тізімге кіретін екі конгломераттың басшылығымен кездесті - Amer International Group және Huawei technologies.
Amer International Group - Қытай халықаралық өнеркәсіптік конгломераты, шикізат өндірумен және металдарды өңдеумен айналысады. Компанияның Шэньчжэнь, Шанхай, Тяньцзинь, Чунцин қалаларында кеңселері, Сингапур, Женева және Лос-Анджелесте үш халықаралық штаб-пәтері бар. Соңғы жылдары топ өнеркәсіптік және стратегиялық инвестицияларды, ғылыми-технологиялық зияткерлік парктерді, қаржылық инвестицияларды, сауда алаңдарын қарқынды дамытуда, жартылай өткізгіш өнеркәсіптік кластерлерді құрумен және чиптерді жобалаумен айналысады. Жаңа металл материалдарының әлемдік жетекші өндірушісі болып табылады. 2021 жылы Global Fortune 500 тізімінде 68-орынға ие болды.
Amer International Group негізін қалаушы және басқарма төрағасы Ван Вэньинмен кездесу барысында Серік Жұманғарин басшылары достық қарым-қатынаста болатын екі ел арасында да бизнес тығыз достық серіктестікте дамуы тиіс екенін атап өтті.
«Біз сіздің компанияңыздың металл өңдеумен айналысатынын, жеткілікті терең процессинг енгізгенін білеміз және біз сізге Қазақстанға өз елімізде металл өңдеудің жеке өндірісін ұйымдастыруға көмектесуді ұсынамыз. Қазақстан осы салаға инвестиция салуға мүдделі. Біз алюминий, мырыш, мыс және басқа металдарды шығарамыз, бірақ олардан дайын өнім өте аз. Ұлттық заңнамаға сәйкес Үкімет инвестициялық келісімшарт жасасу арқылы инвестициялық преференциялар береді. Жаңа инвестициялық құрал - инвесторларға ерекше жағдайлар, оның ішінде тұрақтылық беретін инвестициялар туралы Келісім енгізілді. Сіздерді осы бағытта бізбен жұмыс істеуге, практикалық екіжақты ынтымақтастық орнатуға шақырамыз», — деді С. Жұманғарин.
Қазақстанның Вице-премьері компанияны барлау мен өндіруден бастап металдарды өңдеуге дейінгі барлық процесті жолға қоюға қатысуға шақырды.
«Егер сіз жартылай өткізгіштер өндірісіндегі біліміңізбен бөліссеңіз, Біздің мамандарды металдарды өңдеу технологияларына үйретсеңіз, бізді қызықтырар еді», — деп атап өтті ол.
Ван Вэньин қазақстандық тараптың ұсыныстарымен оң кездесті.
«Бүгін 200 қытайлық компанияның ішінен біз бірінші 20-ға, ал жеке 100 компанияның ішінен үздік бестікке кіреміз. Global Fortune 500 әлемдік рейтингінде қазіргі уақытта кірістілігі $100 млрд. жылына. БӨңдеу технологияларымыздың арқасында біз шикізаттың құнын алдымен 10 есе, содан кейін 100 есе, ал кейбір тауарлар бойынша оның шикізатының бастапқы құнынан - 1000 есе арттырамыз. Егер сіз бізге өндіруден қайта өңдеуге дейінгі жобаларға қатысуды ұсынсаңыз және Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде жеңілдіктер болса, онда біз осындай шарттармен қатысуға мүдделіміз», — деді Ван Вэньинь.
Кадрларды даярлауға қатысты Amer International Group негізін қалаушы оның компаниясы инвесторлармен осы бағытта ынтымақтасатынын атап өтті.
«Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қазақстандық мамандар Қытайға келіп, біз білетін нәрсені оқи алады. Қазақстан ШҰАР-мен шектеседі және көліктік қолжетімділік тұрғысынан біз осы өңірдегі ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Бұл аймақта біздің компанияда мыс өңдейтін кәсіпорын бар. Біз Қазақстанда осындай кәсіпорын құруды талқылай аламыз», — деп ұсынды.
Сондай-ақ, Ван Вэньин ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.
Тараптар қазақстандық делегация оралғаннан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ықтимал ынтымақтастық үшін ұсыныстар пулын дайындап, Қытай тарапына қарауға жіберетініне келісті.
- 16.08.2023
- 109