• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу

Жұмыс кестесіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткіздім.

Іс-шара әдетке айналған «сұрақ-жауап» форматында өткізіліп, Министрліктің және облыс әкімдігінің YouTube, Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда тікелей эфирі өтті.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен БҚО әкімдігінің басқармаларының басшылары, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Жалпы, басқа өңірлермен салыстырғанда Батыс Қазақстан облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Облыс бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі биылғы I-жартыжылдықта 21 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы кезең деңгейінен 42%-ға төмен. Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді.

Жол картасында Батыс Қазақстан облысының экологиялық проблемаларын шешу бойынша 17 іс-шара көзделген, оның 6-ы орындалды.

Сондай-ақ, қалдықтармен жұмыс істеу саласында негізгі проблемалар олардың әлсіз дамыған инфрақұрылымы, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген полигондардың едәуір саны болып табылатынын атап өткен жөн.

Мәселен, космомониторинг шеңберінде 2023 жылдың І-жартыжылдығында өңірде 274 қоқыс үйіндісі анықталды, оның 54%-ы жойылды (148 бірлік). Сонымен қатар, бірқатар ауылдық округ әкімдері полигондарды жоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Су шаруашылығы саласында су басу қаупін жою және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында су шаруашылығы инфрақұрылымын салу мен реконструкциялау және суару арналарын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыста 2024 жылдың соңына дейін Киров су қоймасын (Ақжайық ауданында) реконструкциялау және 2026 жылға дейін ұзындығы 630 км 9 арнаны реконструкциялау көзделген.

Орман шаруашылығы саласында Мемлекет Басшысының 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі бастамасын іске асыру шеңберінде биылғы жылы 3220 га алаңға 11,8 млн. ағаш отырғызу жоспарланған, ал I-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 638,3 га алаңға 3,9 млн.ағаш отырғызылды.

Балық шаруашылығын дамыту бойынша балық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес балық өсіру көлемін 10 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Өткен жылы өңірде 515,6 тонна балық өсірілді. Жоспар 100% орындалды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың балық шаруашылығы субъектілері жоспарға сәйкес табиғи су айдындарына әртүрлі балық тұқымдарының 255 089 мың дана шабақтарын жіберді.

Халықпен кездесу бірнеше сағат бойы өтіп, оның барысында қатысушылар қойылған барлық сұрақтарға жауап ала алды.

Іс-шара соңында  жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері үшін азаматтарды жеке қабылдау және брифинг өткіздім.

 

  • 16.08.2023
  • 154
Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика