- Блогтар
- Элиманов Ж.Қ.
Элиманов Ж.Қ.
ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің төрағасы
Қаржы мониторингі комитеті екінші деңгейдегі банктер өкілдерімен бірлесіп, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті қорытындылады
2020 жылғы 24 желтоқсанда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті бейне конференц байланыс режимінде Комплаенс кеңесі шеңберінде екінші деңгейдегі банктермен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында 2020 жылы кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Қаржы мониторингі комитеті мен екінші деңгейдегі банктер қолданатын шаралар тиімділігінің қорытындылары талқыланды.
Іс-шараға Комитеттің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және екінші деңгейдегі банктер қызметтерінің комплаенсінің өкілдері қатысты.
Қаржы мониторингі комитеті екінші деңгейдегі банктер үшін жіберілген тоқтатыла тұрған хабарламалар бойынша, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл және оларды анықтау бойынша екінші деңгейдегі банктердің күдікті операциялары бойынша қылмыстық істердің жарқын мысалдарын көрсете отырып, ұсынымдар ұсынды, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірлескен ұсынымдар мен жаңа тәсілдер әзірленді.
- 24.12.2020
- 401