• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтау

Құрметті түркістандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік-халқымыздың сан мыңдаған жылдар бойы аңсап күткен аса қастерлі, өшкеніміз жанып, асқақ арманымыздың орындалған күні.

Мың өліп, мың тірілген қазақ елінің қаншама ауыр күндерді бастан өткергенін бәріңіз де білесіздер.Ұлан байтақ жерімізді ақ найзаның ұшымен, білегінің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын сақтау бәріміздің қастерлі міндетіміз. Қазақ халқы ұлт-азаттық күрестің сан соқпақты сынағын бастан өткерді. Сабыры мен төзімінің, болашаққа деген сенімінің, өр рухының арқасында соның барлығын жеңіп шықты.

Тәуелсіздік күні – осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бар өмірін бостандық жолындағы күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен еңбегін еске алатын қастерлі мереке.
Тәуелсіздік – қазақ халқының басына қонған бақ құсы! Ол біздің ең қастерлі байлығымыз әрі құндылығымыз. Осы күнде біз Қазақстанды мекендеген барша ұлт пен ұлыс өкілдерінің құшағы ажырамас достығы мен ынтымақ-бірлігін, қоғамның тұрақтылығын мақтаныш етеміз әрі осы құндылықтарды сақтап қалу жолында білекке білек, жүрекке жүрек қоса отырып күресеміз. Осы ретте мемлекетіміздің сындарлы саясатының арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың керемет үлгісі қалыптасқанын үлгі етеміз. Әрбір азаматтың этникалық және діни ерекшеліктеріне қарамастан Ата Заңымыздп кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім мен өзара түсіністік орнады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік-қоғам дамуының маңызды шарты. Әділдіәсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса маңызды» деп атап көрсетті. Бүгінде Мемлекетіміздің басты бағыты әділдіктің салтанат құруына бағытталып отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындықты қазірден бастап, оны лайықты атап өту туралы тапсырма берді. Бүгінде біз өз жұмысымызды осы бағытта дамытып, өрлеу жолына түсуіміз керек.

Құрметті жерлестер!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-жалпыұлттық қастерлі мереке. Сіздерді осы ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздің қарыштап дамып, толағай табыстарға жетуі-халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің айқын айғағы. Олай болса, бірлігіміз бұдан да артып, ынтымағымыз ырысты болып жалғассын! Бақыт құсы еліміздің заңғар көгінде қалықтай берсін! Тәуелсіз еліміз гүлдене берсін!

  • 24.12.2020
  • 518
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика