• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Серік Жұманғарин Қытайдың ірі бизнес өкілдерімен Қазақстан өнеркәсібіне инвестицияларды тарту мәселесін талқылады

Ірі бизнесмендер, Қытайдағы технологиялар, тауарлар, қызмет жеткізушілерінің үздік рейтингісіне кіретін компаниялардың өкілдері және ауыл шаруашылығы, логистика, көлік саласындағы ірі әлемдік экспорттаушылар алғаш рет 2023 жылғы 13 тамызда Шэньчжэньде Қазақстан өкілдерімен өздерінің мүмкіндіктері мен ынтымақтастық бағытындағы ұсыныстарын таныстыру үшін дөңгелек үстелге жиналды.

Вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияға ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, «Qaztrade» сауда саясаты орталығының бас директоры Рүстем Асулбек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және басқа да бейінді кәсіпорындардың басшылары кірді.

«Бүгінде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жоғары деңгейдегі байланыстардың жоғары динамикасымен және сауда-экономикалық өзара іс - қимыл, инвестицияларды тарту, көлік пен логистиканы дамыту салаларының кең ауқымымен сипатталады. Мамыр айында Сианда өткен кездесу барысында Қазақстан мен Қытай басшылары алдағы жылдары өзара тауар айналымын 40 млрд долларға жеткізу міндетін қойды. Бұл көрсеткішке жақын арада жететінімізге сенімдімін. Бірақ, сандық көрсеткішпен бірге контенттің сапасын да ескерген жөн. Қазақстан Үкіметі сіздердің көмектеріңізбен, тәжірибелеріңізбен және жинақталған технологиялық әзірлемелердің мықты қорымен жоғары өңделген тауарларды өндіру көлемін барынша арттыруға мүдделі. Қазақстанда өндірілген өнімнің артықшылықтары басым. Біз ЕАЭО кеңістігіндеміз, бұл дегеніміз 160 млн адамға бағыттылған нарыққа шығуды білдіреді», — деді Серік Жұманғарин дөңгелек үстелдің қатысушыларына.

Фан Цзяньхуа, аға экономист, Қытай ауылшаруашылық техникасын тарату қауымдастығының (CAMDA) президенті қауымдастық ұйымдастырған халықаралық ауылшаруашылық техникасы көрмесінің алаңын Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының көпір ретінде пайдалануды ұсынды. Бұл көрме бүкіл әлемге танымал және Азиядағы ең үлкен көрме. CAMDA атынан қауымдастық Қазақстанға сауда және инфрақұрылым құрылысы саласында инвестициялау үшін күш салуға дайын екенін мәлімдеді.  

Құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар өндірушілерінің Қытай қауымдастығының төрағасы Сюй Сюэфэн өз еліндегі саланың дамуы туралы айтты.

Технологиялар мен жабдықтар дамыған сайын ҚХР-да тыңайтқыштар өндіру қуаты үздіксіз өсуде. Бүгінде Қытай фосфор тыңайтқыштарының екі түрі бойынша әлемдік өндірістің үштен бірінен астамын өндіреді, ал олардың экспорты әлемдік тауар айналымы шамамен 30%-ын, тағы біреуі әлемдік тауар айналымының 11% және әлемдік экспорттың 15% құрайды.

Соңғы жылдары Қытайда органикалық тыңайтқыштарды қолданудың өсімі байқалып отыр, тыңайтқыштардың басқа да түрлерін өндірудің үлкен нарығы қалыптасты.

«Біздің қауымдастықтың 400-ге жуық мүшесі бар, ҚХР-дағы барлық тыңайтқыш өндірушілердің 90%-дан астамын қамтиды. Біздің мүшелеріміз Қазақстан мен Қытайдың тыңайтқыштар өндіру саласындағы ынтымақтастығына қолдау көрсете алады деп ойлаймын», - деді ол. 

Қытай тұқым саудасы қауымдастығының бас хатшысы Тянь Вэйхун Қазақстанда тұқым өндіру индустриясын бірлесіп дамытуды ұсынды.

Тұқым - ауылшаруашылық дамуының негізі. 30 жыл ішінде біз үлкен жетістікке жеттік. Күріш, жүгері және т.б. сияқты дақылдар түрлерінің тиімділігін жақсарту нәтижелері жаман емес. Жоғары сапалы тұқымдар Қытайдың сұранысын ғана емес, сонымен қатар шетелді де қанағаттандыра алады. Бұл егін егуге арналған орасан зор алқаптары бар Қазақстанның әлеуетіне дәл жауап. Біз үкіметтік деңгейдегі диалогымызды нығайта аламыз, елдеріміздің қауымдастықтары арасындағы алмасуды күшейте аламыз, осы саладағы ынтымақтастық үшін компанияларымыз үшін платформалар жасап, тұқым өнеркәсібін дамытуға ықпал ете аламыз. Біз сондай-ақ Қазақстандағы астық қауіпсіздігіне үлес қосу үшін ауыл шаруашылығы үшін озық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті бере аламыз.

Қазақстандық делегацияны Тянь Вэйхун ханымның ұсынысы қатты қызықтырды. Олар қауымдастық мамандарының тобын осы жылдың тамыз айында Қазақстанға ынтымақтастық жолдарын талқылау үшін келуге шақырды.

Басқа қатысушылар тарапынан ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, интернет-банкинг, ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар саласында ынтымақтастықты жолға қою туралы ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар Атамекен палатасының алаңы бизнесмендермен қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін focal point болады деп келісті.

  • 17.08.2023
  • 243
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика