• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Логистика, ауыл шаруашылығы, Лу Бань шеберханасы - ынтымақтастық бағыттарының кең ауқымын Үрімші қаласында Серік Жұманғарин Ма Синжуймен талқылады

Үрімшіге сапары барысында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ШҰАР парткомының хатшысы Ма Синжуймен ынтымақтастықты күшейту және туындайтын кедергілерді еңсеру мәселелерін талқылады.

Құттықтау сөзінің басында Ма Синжуй Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, Шыңжаң губернаторының Астанаға наурыз айындағы сапары кезінде Мемлекет басшысы тарапынан қабылдаудың жоғары деңгейін тағы да атап өтті.

«Шыңжаң - Қытайдың батыс қақпасы, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асырудағы маңызы ерекше. Қазір ШҰАР аумағында 17 өткізу пункті бар, оның басым бөлігі Қазақстанға тиесілі. Өткен жылы ШҰАР тауар айналымының жалпы көлемі 246 млрд юаньды құрап, 57%-ға өсті. Өсу қарқыны бойынша ШҰАР Қытайда бірінші орынды иеленді. Орталық Азия елдеріне жалпы тауар айналымының көлемі 119 млрд юань, оның ішінде Қазақстанмен сауда – саттықтың үлесі көп болды», — деп атап өтті ол.

Ма Синжуй тараптардың өзара байланысын нығайтуға баса назар аударды.

«Барлық өткізу пункттері жұмыстарын қайта жандандырды, сондай-ақ Алматы-Үрімші тұрақты авиарейсі де. Жүк ағынының тиімділігі артып келеді, «Қорғас» өткізу пункті 24/7 режимінде жұмыс істей бастайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін жасыл дәліз іске қосылды. Жақында алтыншы қытайлық Шыңжаң халықаралық ұлттық би фестивалі өтті, оған Қазақстаннан ансамбль қатысты. Спектакль кезінде зал толы болды. Халық биінің шеберлігі мен өнері Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың негізі болып келеді. Біз елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастың дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз», — деп түйіндеді ол.

Ма Синжуй сауда-экономикалық ынтымақтастықты тек темір жол және автотасымалдаумен, Алматыдағы қоймалармен шектелмей, жаңа логистикалық орталықтар құруды, авиарейстер санын көбейтуді, мәдени алмасуларды жолға қоюды, Қазақстаннан кәсіпкерлерді тарту үшін халықаралық бизнес-орта құруды, Шыңжаңға және Қазақстанға инвестиция салуды ұсынды.

«Біз мәдениет және туризм саласында жұмыс істеуге, Қазақстаннан Шыңжаңға студенттерді тегін оқытуға квоталар санын көбейтуге мүдделіміз», — деді Ма Синжуй.

Өз тарапынан Серік Жұманғарин Ма Синжуйға білдірген жылы лебізі үшін ризашылық білдіріп, ел Үкімет басшысымен мен Мемлекет басшысының сәлемдесу сөздерін жеткізіп, Шыңжаң Қытаймен тауар айналымындағы 40% үлесі бар №1 серіктес екенін атап өтті.

«Біздің мақсатымыз - логистиканы дамыту. Қазақстан Президенті алдымызға Қазақстанды логистикалық орталыққа айналдыру міндетін қойды. Қазір Үрімші қаласындағы жүктердің консолидаторы болатын өте маңызды жоба – логистикалық терминалды іске асыру жоспарлануда. Біз бұл жобаға қатысуға дайынбыз. «Орталық Азия – Қытай» саммиті кезінде Шыңжаңда Құрғақ порт салу туралы шешім қабылданды. Ал онымен бірге Қазақстанның тек ШҰАР-мен ғана емес, бүкіл Қытаймен үйлесімді логистикасы қалыптасуда. Тек теміржол және автоөткізгіштерді дамытумен ғана ынтымақтастықты шектеудің қажеті жоқ екендігімен келісемін. Әуе жүк айналымын, жолаушылар айналымын, электрондық коммерцияны дамыту қажет. Жақында біз ірі интернет-сатушылармен кездестік, жақын арада «Қазпошта» тиісті келісімдер арқылы ниеттерін бекіту үшін олармен келіссөздерді жалғастырады. Білім беру саласында - ШҚО университетінің базасында «Лу Бань» шеберханасын ашуға дайындалып жатырмыз (Қытайдың озық технологияларын пайдалана отырып, техникалық мамандарды даярлау жобасы)», — деп хабарлады Серік Жұманғарин.

 Шекаралас екі аймақты тығыз байланыстыратын сала - ауыл шаруашылығы.

«Қазір Hualin Group -пен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Олар Қазақстандағы үш өңірге барып, мал шаруашылығы саласына қызығушылық танытты. Бұл өнім Шыңжаңға экспортқа бағытталған. Сондай-ақ, біз Абай облысында қой шаруашылығы кластерін дамытуға дайынбыз. Энергетикадағы көптеген бірлескен жобалар бар. Қытайлық компаниялар әсіресе шағын өзендерде су электр станцияларын салуға қатысады. Қазақстанда, ШҰАР-дағыдай, ауыл шаруашылығы саласы алдында су мәселесі тұр. Бұл сала тұщы судың жалпы көлемінің 70% тұтынады. ШҰАР ауыл шаруашылығында суды өте тиімді пайдаланады. Біз сіздерден өз тәжіриебелеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймыз және біздің суару, үнемдеу, жұмсау және т.б. жүйелердің жұмысын жолға қоюға көмектесу үшін қытайлық мамандарды қабылдауға дайынбыз»,— деп жалғастырды вице-премьер.

Ол ынтымақтастықты жандандыру үшін сауда қатынастарына әсер келтіретін кедергілерді жою қажет екенін атап өтті.

«Кедергілердің бірі - Қытайдың Бас кеден басқармасы тарапынан шешім қабылдауды кешіктіру. Біз Қазақстанның ветеринариялық қызметі мен қазақстандық кәсіпорындардың инспекциясына аудит жүргізу үшін бірнеше шақыру жібердік. Бірақ әлі жауап жоқ. Жақында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанның аусылдан таза  оңтүстік-шығыс 5 аймағының мәртебесін вакцинациямен растауды ұсынды. Сіздердің көмегіңізбен қазақстандық ет өнімдерінің Қытай нарығына қолжетімділігін ашамыз деп үміттенеміз. Сондай-ақ, ШҚО-да ветлабораторияға жабдықтар жеткізуге келісімшарт жасасуға қатысты БКБ жауап алуды жеделдетуге көмек сұраймыз»,— деді С. Жұманғарин. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар оларды жою бойынша жұмыс істеу үшін бірлескен саудадағы кедергілер картасын дайындауға шешім қабылдады.

Анықтама: Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық сауданың 40%-ға жуығы ШҰАР-ға тиесілі. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан мен ШҰАР арасындағы тауар айналымы 8,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (4,5 млрд АҚШ доллары) 87,3%-ға жоғары. Қазақстаннан ШҰАР-ға экспорт 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 36,5%-ға өсіп, 6,1 млрд АҚШ долларын құрады. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында ШҰАР-дан Қазақстанға импорт 2,2 есе өсіп, 6,2 млрд АҚШ долларын құрады.

  • 22.08.2023
  • 186
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика