- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Бизнесті қорғау және конституциялық нормалар: ҚР Конституциялық Соттың Төрағасы ҚМА жеке құрамымен кездесу өткізді
Конституция күні қарсаңында Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Қаржылық мониторинг агенттігінің ұжымымен кездесті. Іс-шара қатысушылары сындарлы талқылау жүргізіп, тақырып аясындағы ой-пікірлерімен бөлісті.
ҚМА бизнесті қорғауды және конституциялық нормаларды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған озық жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, қаржы пирамидаларына тиімді қарсы тұруға бағытталған «Baiqa, piramida!» телеграм-боты таныстырылды.
Эльвира Азимова ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған форматта кеңейтілген мандатпен жұмыс істей бастаған Конституциялық Соттың ағымдағы қызметі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, «Конституциялық Соттың құзыреті туралы» тақырыбында презентация жасалып, Агенттік қызметкерлері тарапынан конституциялық бақылау органының рөлін жайында түсініктерін толықтырды.
- 25.08.2023
- 125