• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев Зерендідегі жастар форумына қатысты

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Зеренді ауданында Жастар ресурстық орталықтарының өкілдері үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «Жастар ісі Академиясы» жастар форумының «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» диалог алаңына қатысты.

Форумға Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі, «Аmanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде жастар саясатын жүзеге асырып, алға тартып отырған 150-ге жуық ең үздік мамандары қатысты.

«Алғаш рет өтіп отырған мұндай форматтағы ауқымды кездесудің негізгі мақсаты – біліктілікті арттыру, жастармен жұмысты жетілдіру және өзара ой-пікір алмасу. Шарада түрлі пайдалы ақпарат алып, бір-біріңізбен тәжірибе алмасып, коммуникация саласындағы дағдыларды дамытып, қажетті құнды дүниелер аласыздар деген ойдамыз», - деді Дархан Қыдырәлі форумды ашу сөзінде.

МҚІА төрағасы жастарға Президенттік жастар кадр резервінің алдағы үшінші іріктеуінің басталуы, оның ішінде осы жылғы ерекшелігі мен кезеңдері туралы айтты. Ол алдыңғы 2019 және 2021 жылдары өткен іріктеу тәжірибесі жастар арасында жоғары танымалдылыққа ие болғанын атап өтіп, жастардың әлеуетін ашу – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екендігіне тоқталды.

«Президенттік жастар кадр резерві - бірінші кезекте әлеуметтік жоба және оның басты мақсаты – көкірегі ояу, көзі ашық жастарды мемлекеттік басқаруға тарту, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа серпін беру. Мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар қажет. Біздің қазіргі миссиямыз - адамға бағдарланған мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру», – деді МҚІА басшысы.

Форумда жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша өзге де шаралар айтылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге орай жақсы GPA көрсеткен (3,33-тен кем емес) жоғары оқу орындарының 19 түлегі аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурстық рәсімдерсіз қабылданған. 

Сондай-ақ МҚІА мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау тәртібін толық цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізуде. «Е-қызмет» жүйесінде іске асырылып жатқан конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге онлайн режимде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.

Ал аймақта талантты жастарды іздеу, оларға қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру және ынталандыру жұмыстарын жүргізетін жас мемлекеттік қызметшілердің модернизацияланған мектептері жұмыс жасауда.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның одан әрі дамуы туралы өз көзқарастарымен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ белсенді жастарды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақырды.

Атап өту керек, Президенттік жастар кадр резерві – Мемлекет басшысының еліміздің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамасы. Ағымдағы жылы іріктеу мемлекеттік басқарудың 6 салалық бағыты бойынша жүргізіледі. Іріктеуге 35 жастан аспаған, мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгерген, жоғары білімді және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар Қазақстанның азаматтары қатыса алады.

Жобаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайты арқылы қолжетімді болады.

  • 28.08.2023
  • 203
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика