- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында салтанатты жиналыс өткізілді.
Конституцияда адам құқықтарын, бизнес, қоғам және мемлекет мүдделерін қорғаудың заңдылығы мен кепілдіктерінің негізі қаланған. Динамикалық өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер жағдайында прокуратура мемлекеттік биліктің барлық институттарымен синхронды түрде қоғамның қажеттіліктеріне бағдарланған заманауи органға айналуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қабылданған «Прокуратура туралы» Конституциялық Заң жоғары қадағалауды одан әрі дамытудың векторын белгіледі.
Прокурорлардың күш-жігері өмірдің барлық салаларында азаматтардың негізгі заңмен кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, адал бизнестің мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қоғам үшін басқа да сезімтал мәселелерге бағытталған.
Прокуратура органдарының елдегі заңдылықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, ұжымға жоғары кәсібилігі үшін алғысымды білдіріп, қадағалау қызметінің негізгі басымдықтарына тоқталдым.
- 29.08.2023
- 179