• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізуде

2019 жылдан бастап заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша өндірісте 1 148 іс болды, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталды.

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалады. Жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есеге – 1260-тан 76-ға дейін азайды.

Бұл ретте заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істердің саны 2019 жылғы 208-ден ағымдағы жылғы 28-ге дейін, яғни 7 есеге азайды.

Сонымен қатар, үй-жайларды жалға берушілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс шеңберінде анықталған құқық бұзушылықтар санын 2019 жылғы 35-тен а. ж. 12-ге дейін яғни, 3 есеге азайтуға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, заңды букмекерлік кеңселер атын жамылған, заңсыз ойын сайттарының 4 фактісі (2022 жылы – 2, а.ж. – 2) анықталды.

Алаяқтар белгілі букмекерлік кеңселердің атауларын (домендерін) қосымша аббревиатуралар қосу арқылы өзгерткен.

Атап айтқанда, белгілі букмекерлік кеңсенің атымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу басталды.

Биыл «TikTok» желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды.

Айта кетейік, қатысушылардың басым көпшілігі кәмелетке толмағандар. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды.

Ойыншылардың күнделікті саны мыңдаған адамдармен өлшенді.

10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша үкімдер шықты (қалған істердің тергеуі жалғасуда).

4 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне (4 жылдан) және 2 адам бас бостандығын шектеуге (1,5 жылдан) сотталды.

Ақпарат комитетімен және желі иесімен бірлесіп, «TikTok» платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылды, бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді.

Құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталады.

Алдын алу шаралары шеңберінде Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, интернет-кеңістікте (жаңалықтар порталдары, блогтар, сайттар және әлеуметтік желілердің аккаунттары) құқыққа қайшы мазмұнды ақпаратты іздеуді жүзеге асыруда.

2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, биыл – 2 мыңнан аса сайт бұғатталды.

Агенттік Ақпарат комитетімен (АҚДМ) және ҰҚК МТҚ-мен бірлесіп онлайн-казиноның «көшірме» сайттарын (жаңадан құрылатын) жедел бұғаттау туралы шешім қабылдады, «Кибербақылау» жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді.

 

  • 31.08.2023
  • 189
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Элиманов Ж. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика