• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
САЯСАТ НҰРБЕК ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ-ҚАЗАҚСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ II КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін елордада жаңартылатын энергия көздері саласындағы Қытай-Қазақстан ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі конференция өз жұмысын бастады. Іс-шара «Бір белдеу, бір жол» бастамасына арналған және жасыл энергетика саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо, сондай-ақ мүдделі Қазақстан-Қытай компаниялары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Министр Саясат Нұрбек өз сөзінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да 17 жыл бойы іске асырылып келе жатқан сутегі энергетикасы технологиясын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

💬«Мұнда жоғары деңгейдегі ғылыми-технологиялық бөгет құрылды, қондырғылары бар заманауи эксперименттік база, талдамалық аппаратура бар. Осы бағыт бойынша кәсіби ғылыми ұжым мен бірегей арнайы жабдық қалыптастырылды. Q1, Q2 (WoS) журналдарында шолулар, мақалалар жарияланды. Алғаш рет 900, 850, 800ºС температурада 1.2, 0.88, 0.6 Вт/см2 қуаты бар синтезделген электродтар негізінде сутекті қатты оксидті отын ұяшығы құрылды. Бұл сипаттамаларды үздік әлемдік жетістіктермен салыстыруға болады», - деп атап өтті С.Нұрбек.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың мамыр айында энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әлемде энергияны сақтау және оны жаңғыртып отыратын тиімді технологиялар пайда болып, сынақтан өткізіліп жатыр. Техникалық прогресстің шапшаңдығын ескерсек, мұның бәрі таяу келешекте шындыққа айналуы мүмкін».

Сутегі энергетикасы технологиясын әзірлеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетіндегі Германия университеттерінің филиалдары базасында баламалы және сутегі энергетикасы бойынша жоғары білікті кадрлар мен мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, министр Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрлігінің Қытай Ғылым академиясымен ғылыми-зерттеу институттары арасында тікелей байланыс орнату, екі елдің ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуда ынтымақтастықты үйлестіру және дәйекті тереңдету үшін қолайлы жағдайлар жасау бөлігінде өзара іс-қимылына ерекше назар аударды.

💬«2018 жылғы қаңтардан бастап 2020 жылға дейін гранттық қаржыландыру шеңберінде Қытай ғалымдарының қатысуымен 8 жоба іске асырылды. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытайдың жоғары оқу орындары арасында 249 шарт жасалды. 20 халықаралық бірлескен жоба іске асырылуда. Бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды бағдарламалар іске асырылуда. ҚХР-мен ынтымақтастық «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында да жүзеге асырылуда. «500 ғалым» бағдарламасы аясында біздің ғалымдарды ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қытайдың жетекші әлемдік ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми зертханаларына жіберу жоспарлануда», - деді министр.

Конференцияның панельдік сессиясында Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев сөз сөйлеп, өзінің көзқарасымен бөлісіп, университеттегі «таза» энергетиканы дамыту бағдарламасы туралы айтты.

Іс-шара барысында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен Kazakhstan Energy Investment Co. Ltd. арасында ЖЭК саласында оқыту және кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

  • 31.08.2023
  • 215
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика