- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Бизнес Сауда және интеграция министрлігінен көмек сұрайды
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматы облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастықпен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен және аккредиттеу субъектілерімен кездесу өткізді.
Кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері министр Б. Сұлтановқа өзекті мәселелерді және оларды шешу жөніндегі өз бастамаларын айтты.
Мысалы, темір бетон бұйымдары мен конструкцияларды дайындау және тауарлық бетон өндіру жөніндегі "Сарша" ЖШС сынақ зертханасының өкілі әкелінетін цементтің сапасы тақырыбын көтерді. «Көптеген жылдар бойы біз әкелінетін цементтің сапасы мәселесін көтердік, - деді министрге компания өкілі. – Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп, біздің «QazCem» цемент және бетон өндірушілер қауымдастығы цементтердің сәйкестігін растау бойынша ұлттық стандартты әзірлеу арқылы шешім қабылдау үшін ұзақ уақыт жұмыс істеді. Биыл ҚР СТ енгізудің арқасында сертификатталмаған өнім көлемі 95%-ға дейін төмендеді, ал импорт көлемі шамамен 3 есеге төмендеді». «QazCem» Цемент және бетон өндірушілер қауымдастығы, «Сарша» компаниясы атынан министрден цемент нарығына назар аударуды және «Техникалық реттеу туралы» жаңа Заңды іске асыру шеңберінде жалғандықты анықтауды сұрады.
«Техникалық реттеу құралдарын тиімді пайдалану, атап айтқанда, жекелеген тауарларды міндетті сертификаттауды енгізу Сауда және интеграция министрлігі үшін басымдылықта тұрады. Біз ОТӨ қолдаймыз және контрафактілік цемент айналымын тоқтату мақсатын қоямыз», - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов. Министр цемент нарығын мемлекеттік бақылауды күшейтуге уәде берді.
Республикалық ветеринариялық зертхананың Талдықорған филиалы (сынақ зертханасы) Қазақстанда ветеринарияда қолданылатын бірқатар әдістемелердің стандарттарының болмауы мәселесін көтерді. Министр «Қазстандарт» РМК-ға қысқа мерзімде аталған әдістемелерді стандарттау бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Техникалық реттеумен байланысты тағы бір мәселені «Қайнар-АКБ» ЖШС аккумуляторлық батареяларды отандық өндірушінің өкілі көтерді. Кәсіпорында өз сынақ зертханасы бар, ол жұмыста өзгерту құралдарын пайдаланады. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес өлшем құралдары міндетті түрде тексеруге немесе калибрлеуге жатады. Біздің зертхана ИСО 17025 халықаралық стандартына сәйкес калибрлеуді жүргізеді. Бірақ техникалық реттеу комитетінің департаменті әлі де тексеруді талап етеді. Калибрлеу өлшеулердің бақылануы мен сенімділігін қамтамасыз ететін дәлірек процедура болып табылады. Біз сізден, Бақыт Тұрлыханұлы, калибрлеу туралы сертификаты бар аккредиттелген зертханалар үшін тексеруді алып тастауды сұраймыз», - деді компания өкілі министрге.
«Шынында да, калибрлеу – бұл халықаралық танылған рәсім. Калибрлеу кезінде тексеру талабы бизнеске шамадан тыс жүктеме болып табылады. Біздің міндетіміз – бизнестің заңды аясындағы жайлы жұмысын қамтамасыз ету. Сондықтан мен Техникалық реттеу комитетіне осы мәселені пысықтауды және аккредиттелген зертханалардан салыстырып тексеру туралы сертификатты талап етпеуді тапсырамын».
Сауда және интеграция министрінің тұрғындармен кездесуінде көтерілген тағы бір тақырып – тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
Осы салада жаңартылған Заңның қабылдануымен қоғамдық бақылаудың және тұтынушылардың мүдделерін білдіретін үкіметтік емес сектордың рөлі едәуір күшейді.
«Ғасыр сапасы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі» қоғамдық бірлестігі Министр алдында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін қаржыландыру тақырыбын көтерді. «Соңғы жылдары көптеген OOP қаржыландырудың жоқтығынан жабылды, ал біз өз өңірімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жағдайды білетін мамандарды жоғалтпауымыз керек. Осы салаға мемлекеттік гранттар берілгенде, конкурстар өткізіледі және оларды басқа салалардағы ҮЕҰ жиі жеңіп алады. Нәтижесінде, мемлекет те, тұтынушылар да сапасыз өнім алады. Кеше қалдықтарды басқаруға маманданған, ал бүгін тұтынушылардың құқықтарын қорғау конкурсында жеңіске жеткен ҮЕҰ-дан қандай пайда болады? Біз министрліктен ұйымдармен тікелей шарттар жасасу арқылы OOP-ті бір көзден қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз».
«Өкінішке орай, мұндай мәселе орын алуда. Гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды алу үшін конкурстық рәсімдерден өту қажет. Бұл заңмен белгіленген талап. Аталған тетік ҮЕҰ үшін тең мүмкіндіктер беруге бағытталған. Бірақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау – бұл ерекше сала, мұнда өзге тәсілдер қажет», - деді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Ол ағымдағы жылдың қараша айында өткізілген IX Азаматтық форум аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды бөлу тетіктерін қайта қарау арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ҮЕҰ-ны тікелей қаржыландыру мәселесін пысықтау бойынша ұсынымдар берілгенін айтты.
Бақыт Сұлтанов Алматы облысына жұмыс сапары аясында «Қайнар-АКБ» ЖШС аккумулятор зауытына және өңірдің ең ірі маркеті – «Магнум» маркетіне барды.
«Қайнар-АКБ» ЖШС батареялар және аккумуляторлар өндірумен айналысады. Кәсіпорынның өнімдері – аккумуляторлар мен аккумуляторлық батареялар ішкі нарықта сатылады, сонымен қатар Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Италияға экспортталады.
2020 жылдың 11 айында Экспорт 1407 мың дананы құрады.
«Маgnym Cash & Carry» - Қазақстанның ірі сауда-бөлшек сауда желісі. Талдықорған қаласында 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Желінің барлық тауарларының 50%-ға жуығы Қазақстанда өндірілген. Супермаркеттің жалпы ауданы 2500 шаршы метрді құрайды.
- 29.12.2020
- 259