• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРЛЕСКЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Аризона университетімен (АҚШ) бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша оқу жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен американдық Аризона университетінің өкілдері қатысты.

Бағдарламаның ауқымдылығын серіктестік бағдарлама бойынша оқуға түскен студенттер санынан байқауға болады. Егер 2022 жылы Қозыбаев университетіне Қазақстанның сегіз өңірінен балалар келсе, биыл – 18 облыс пен Республикалық маңызы бар қалалардан оқуға түсті.

💬«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің алдымызға өңірлік университеттерде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу міндетін қойды. Бұл елімізде академиялық және еңбек ұтқырлығын дамытуға ықпал етеді. Өкінішке орай, біздің талапкерлердің көпшілігі Алматы мен Астананың ірі университеттерінде оқуға тырысады. Бұндай жағдай осы қалалардың инфрақұрылымына ауыр жүктеме түсіреді. Сондықтан, осындай филиалдарды құру арқылы, біріншіден, біз жастарға сапалы халықаралық білімді тек үлкен қалаларда ғана алмауға болатынын көрсетеміз. Бұған дәлел – Қозыбаев университетінде ашылып жатқан бағдарлама. Биыл біз еліміздің 18 өңірінен келген балаларды қабылдадық. Осылайша, республикалық маңызы бар қалалардан жүктемені алып тастаймыз. Екіншіден, шетелдік университеттерді тарту есебінен өңірлерде білім беру сапасын арттырамыз. Сонымен қатар, біз өңірлік жоғары оқу орындарын күшейту мақсатын қойдық», - деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.

Іс-шараға АҚШ делегациясы да қатысты. Оның құрамына қазақстандық студенттерге білім беретін ЖОО-ның басшы құрамының өкілдері мен оқытушылары кірді.

💬«Мен осы ынтымақтастықтың арқасында өмірлері өзгергелі тұрған жаңа студенттерімізді қарсы алғаныма қуаныштымын. Бүгін менімен бірге сіздер болашақта етене танысып, білісетін әріптестерім де келді. Біздің оқытушылар студенттер мен ата-аналарға оқуға қатысты кез келген сұрақтарға жауап беруге әзір», - деді Аризона университетінің көшбасшылық және әкімшілік жөніндегі арнайы кеңесшісі Джон Пауль Джонс.

Сондай-ақ, салтанатты шара аясында жоғары оқу орнының қонақтары Аризона университетінің бағдарламалары бойынша оқитын студенттермен кездесулер өткізді.

Айта кетейік, биыл 500-ден астам студент Аризона университетімен серіктестік бағдарламасы бойынша оқуға грант алды. Қос диплом бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыру 3 бағыт бойынша жүргізіледі (биология ғылымдары, ақпараттық технологиялар және инклюзивті білім беру). Оқыту ағылшын тілінде өтеді. Сәтті аяқтағаннан кейін білім алушылар екі диплом алады (қазақстандық және американдық).

Студенттерге Аризона университетінің цифрлық ресурстары, американдық оқытушылармен сабақтар, ай сайынғы стипендия, заманауи жабдықтары бар жаңа ғимарат, жатақханада тұру, студенттік жарқын өмір және тағы да басқалар қол жетімді. Бірақ болашақ студенттер үшін басты плюс – АҚШ-тағы университетте алты ай бойы білім алу мүмкіндігі.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық білім беру жобасы Аризона университетімен бірлесіп, М.Қозыбаев атындағы СҚУ базасында 2022 жылдың 6 қыркүйегінде басталды.

  • 05.09.2023
  • 180
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика