- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Балаларды қорғау жөніндегі кеңес туралы
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткіздім.
Оған Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мен бейінді министрліктердің басшылары қатысты.
Балалар жарақаттануының себептерін, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің және қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмысты талқылады.
Сондай-ақ, балалардың құқықтарын қорғау және отбасыларға қолдау көрсету үшін IT-технологияларды қолданудың жаңа тәсілдері қарастырылды.
Атап айтқанда, Бас прокуратура әзірлеген құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша «Е – превенция» ақпараттық жүйесі таныстырылды.
Бұл it-өнім онлайн режимінде қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, бос уақытын, олардың білім алу мүмкіндіктерін зерттеуге, басқа әлеуметтік мәселелерді анықтауға және шешуге мүмкіндік береді.
Бұл бағдарламаның алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да мүмкіндіктері бар.
Бұл жүйе құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты сапалы жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық сипаттағы ұсыныстар берді.
Сондай-ақ, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
- 07.09.2023
- 157